Наурызнама аясында аталып өтетін бұл күн – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта жанданатын кезеңін білдіреді. Жаңару күні – тазалықтың, игі істердің және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың символы.
Осы атаулы күнге орай «Ертіс орманы» МОТР РММ мемлекеттік орман табиғи резерватының мамандары Торайгыров университет студенттерімен бірлесіп, игі іс-шара ұйымдастырды.
Атап айтқанда, қарағайдың (сосна обыкновенная) тұқымдары себіліп, болашақ орманның негізі қаланды
Бұл – табиғатты қорғау мен орман қорын молайтуға бағытталған маңызды қадам.
Мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлықты арттыра түседі.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!

