Ормандар — планетамыздың баға жетпес байлығы және экожүйенің маңызды бөлігі. Олар өмірлік маңызды қызметтер атқарады: ауаны тазартады, климатты реттейді, биоәртүрлілікті сақтайды және көптеген жануарлар мен өсімдіктерге баспана болады. Сонымен қатар, ормандар адамның өмір сүруі мен экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде шешуші рөл ойнайды.
Қазіргі экологиялық қиындықтар жағдайында орман ресурстарына қамқорлықпен қарау, олардың жойылуын болдырмау және табиғатты қалпына келтіру жұмыстарында белсенді қатысу аса маңызды.
Ертіс орманы» МОТР РММ күнделікті орман қорларын қорғау, сақтау және қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарады. Мамандар өртке қарсы іс-шаралар жүргізеді, ормандарды қайта егеді, экологиялық акциялар мен ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, халықтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.
Халықаралық ормандар күні әрқайсымызға ормандарды сақтау — ортақ міндет екендігін еске салады. Тек бірлескен күш-жігермен біз жас ұрпаққа жасыл және салауатты мұра қалдыра аламыз.
Ормандарды сақтайық — еліміздің байлығы!

