Іс-шара “Менің Отаным – Қазақстан” атты тақырыпта өтті және оның негізгі мақсаты – туристік-өлкетану, мұражай қызметі арқылы экологиялық мәдениетті дамыту мен қалыптастыру болды.
Даринаның жетекшісі, мектеп орманшылығының басшысы А.А. Ахмедиева, оқушының “Сары бәйбіше” Әулиеге арналған зерттеу жобасын ұсынуына жетекшілік етті. Жоба туған жердің тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.