2024 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында резерват аумағында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында “Шырша” табиғат қорғау акциясы өтеді.
Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, негізгі жолдарда тәулік бойы күзет жүргізілетін арнайы бекеттер орнатылады.
Баршаңызды заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз! Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.
Егер Сіз заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарлауыңызды сұраймыз:
8 (705) 601 9680
8 (7182) 78-77-32
102
Табиғатты бірге қорғайық!