26 желтоқсан 2024 жылы Ертіс орманының туризм бөлімі «Шалдай орта мектебі» оқушыларымен «Қазыналардың ізімен» атты квест ұйымдастырды. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті.
Квест барысында балалар карта арқылы қазынаны іздеу үшін жұмбақтарды шешті. Алғашқы объект – әр түрлі ағаштар мен бұталар өсетін дендропарк болды. Мұнда оқушылар флора әлемі туралы көп қызықты ақпарат алды.
Келесі аялдама – кітапхана, онда балалар орманда тіршілік ететін жануарлар мен олардың тіршілігімен танысты. Ал ең қызық сәт – бүршіккептіргішке саяхат болды, мұнда балалар кәдімгі қарағай тұқымдарының дайындалу процесін көрді.
Оқушылардың экологиялық тәрбиесі болашақта оларды қоршаған ортаны қорғаушы азаматтар етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді!