Көктемгі аңшылық маусымы басталды. Ал “Ертіс орманы” табиғи резерваты – аң аулауға мүлде тыйым салынған ерекше қорғалатын аумақ!
Көктем – табиғаттың оянып, жануарлар дүниесінің ұрпақ өрбітіп, тіршілігі жандана түсетін мезгілі. Осындай сәтте су құстарының тыныштығын бұзу, заңсыз аңшылықпен айналысу – табиғатқа жасалған ауыр қиянат.
Осыған байланысты “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары мен Шарбақты ауданының полиция бөлімі бірлесіп, су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Бұл шаралар табиғатты қорғау, су құстарының санын сақтап қалу және браконьерлік әрекеттерге жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған.
Естеріңізге саламыз:
“Ертіс орманы” – Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ерекше табиғи аймақ. Мұнда аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған. Заң бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Егер сіз заңсыз аңшылықты байқасаңыз:
— бірден 102 нөміріне хабарласыңыз;
— немесе +77056019680 орман күзетіне дер кезінде ақпарат беріңіз.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы.
Су құстары – тек табиғаттың емес, біздің де байлығымыз. Оларды бірге қорғайық!