Бүгін Резерваттың ер азаматтары нәзік жанды әріптестерімізді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады!

 Сіздер – табиғаттың шынайы қамқоршылары, орманның қорғаушылары, біз үшін ең қымбат жандарсыз. Сіздердің еңбектеріңіз – қоршаған ортаны сақтаудағы үлкен үлес, ал жүректеріңіз – мейірім мен жылуға толы.

 Сіздерге зор денсаулық, шексіз бақыт, отбасыларыңызға амандық, ал жұмыстарыңызға табыс пен шабыт тілейміз! Әр күніңіз гүлдей құлпырып, өміріңіз шуақты сәттерге толы болсын!

 ”Әр әйел – бақытқа лайық!”

 

 

image-07-03-26-11-53.jpgimage-07-03-26-11-53-1.jpg