«Ертіс орманы» МОТР РММ Борабай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары, туризм және экологиялық ағарту бөлімімен бірлесіп, Шалдай орта мектебінің оқушыларына «Ормандағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында танымдық дәріс, сондай-ақ «Орман көмек сұрайды» атты әңгіме өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға орманда өзін-өзі ұстау ережелері, өрттің пайда болу себептері және оның алдын алу шаралары түсіндірілді. Әр адамның табиғи байлықтарды сақтаудағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
📚 Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыптық викторинада қызығушылықпен жауап беріп, табиғатқа деген саналы көзқарастарын көрсетті.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді 🌿