«Ертіс орманы» МОТР РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге заңнаманың негізгі нормалары, мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түсіндірілді. Қызметтік әдепті сақтау және жұмыста ашықтық қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Осындай дәрістер өткізу тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.


