Резерват аумағында заңсыз аңшылыққа қарсы рейдтер мен есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Табиғат қорғау қызметкерлері жабайы жануарларды қорғау мақсатында шөп сыпырғыш, тұз бен азық тасымалдау жұмыстарын да жүзеге асыруда. Бұл шаралар табиғатты қорғау мен жануарлардың өмірін сақтауға бағытталған.
Айта кету керек, резерват аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған. Бұл заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында бақылау шаралары күшейтілген. Егер Сіз заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, дереу төмендегі нөмірлерге хабарласыңыз:
8 (705) 601 9680
8 (7182) 78-77-32
102
Табиғатты қорғау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Қорғаңыз, сақтаңыз және ұрпаққа қалдырыңыз!