Резерват аумағында *“Шырша” акциясы* аясында *мобильді топтар мен посттар* күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
✅ *Мобильді топтардың міндеттері:*
- Орманды тұрақты патрульдеу;
- Сауда орындарында заңдылықты бақылау;
- Қарағай ағаштарын заңсыз кесудің алдын алу.
🚫 Еске саламыз:
Заңсыз ағаш кескендерге:
- Әкімшілік жауапкершілік:50-ден 1500 АЕК-ке дейін айыппұл,
- Қылмыстық жауапкершілік:5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
💡 Жаңа жылды табиғатқа зиян келтірмей атап өтейік! Тірі шыршаның орнына жасанды немесе экологиялық балама таңдаңыз.
Табиғатты бірге қорғайық – болашақ ұрпаққа жасыл орманды сақтайық!