Бүгін Шарбақты ауданының әкімі Сержан Ерғалымұлы Иманқұловпен бірге «Ертіс орманы» резерватының бас директордың м.а. Қазбек Әметов Шалдай ауылындағы тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ардагерлерге мерейтойлық медаль тапсырып, шынайы алғысын білдірді.

Резерват ұжымы өз атынан алғыс хат пен ақшалай сыйлық тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Құрмет – өткенге тағзым, ерлікке бас ию!
Тылда тынымсыз еңбек еткен аға буынға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

 

 

 image-06-05-25-11-051.jpegimage-06-05-25-11-052.jpegimage-06-05-25-11-053.jpegimage-06-05-25-11-05.jpeg