Ертіс орманы мемлекеттік табиғи резерватының Шалдай филиалының қызметкерлері Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, Басқұдық орманшылығында орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Мақсат — ормандарды өрттен қорғау, тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіру.
Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары! Табиғат – бәріміздің байлығымыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, орманды өрттен қорғауға үлес қосайық!