«Ертіс орманы» МОТР РММ өкілдері Халықаралық ормандар күніне орай Торайғыров университетінде экологиялық іс-шара өткізді
Аталған акция аясында қарағай көшеттерін отырғызу жұмыстары ұйымдастырылып, аумақты көгалдандыруға және студенттер мен қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Ағаш отырғызу — бұл жай ғана символикалық әрекет емес, табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруге қосылған нақты үлес. Ормандар экологиялық тепе-теңдікті сақтауда, ауаны тазартуда, биоалуантүрлілікті қорғауда және климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады.
Іс-шараның маңыздылығы оның Наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келуімен де ерекшеленеді — бұл табиғатпен үйлесім, жаңару және жаңа өмірдің басталу кезеңі.
Табиғатты аялау — әрқайсымыздан басталады

 

 

WhatsApp_Image_2026-03-21_at_12.09.41.jpegWhatsApp_Image_2026-03-21_at_12.09.42.jpegWhatsApp_Image_2026-03-21_at_12.09.44.jpeg