«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Торайғыров университетінің студенттерімен бірлесіп құстарға арналған ұялар (скворечник) жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар құстарға арналған ұяларды жасаудың практикалық дағдыларын меңгеріп қана қоймай, олардың табиғаттағы маңыздылығы туралы да мағлұмат алды. Құстарға арналған ұялар – олардың табиғи мекен ету орындары азайған жағдайда сенімді баспана болып табылады. Олар құстардың қолайсыз ауа райы жағдайларынан аман өтіп, ұрпақ өрбітуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, құстар табиғатта маңызды рөл атқарады – зиянды жәндіктерді жойып, орман мен ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғайды. Ұяларды орналастыру құстардың санын арттыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
Осындай игі бастамалар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырады.
Табиғатты бірге қорғайық!


