Күзгі аңшылық маусымының ашылуына орай, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді.

Айта кету керек, Резерват — ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Осыған байланысты Шарбақты және Аққулы аудандарының Резерват аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған.

Біздің мақсатымыз — табиғи байлықтарды сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және заңсыз аңшылықтың алдын алу.

❗ Барша азаматтарды табиғатты құрметтеуге және қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырамыз.
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет!

 

 

Изображение_WhatsApp_2025-09-02_в_15.29.25_6f0fe7ca.jpgИзображение_WhatsApp_2025-09-02_в_15.29.25_146452c6.jpgИзображение_WhatsApp_2025-09-02_в_15.29.25_adbf0890.jpgИзображение_WhatsApp_2025-09-02_в_15.29.26_cbacf48f.jpg