«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты жанындағы экологиялық ағарту жұмыстары жалғасуда.

Бүгін «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбындағы кезекті дәріс Мерғалым жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары үшін өткізілді.

Дәріс барысында оқушылар биоалуантүрлілік ұғымы, оның экожүйедегі маңызы, жойылып бара жатқан түрлер және оларды сақтау жолдары туралы толық ақпарат алды.

Мұндай кездесулердің мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.