Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі қызметкерлері жер асты суларының деңгейін өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Жер асты суларының деңгейі – орман алқабының санитарлық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бұл көрсеткіш табиғи-климаттық факторлармен қатар, орманның жай-күйіне тікелей әсер етеді.
Өлшеу жұмыстары сәуір айынан қараша айына дейін ай сайын 15 стационарлық ұңғымада жүргізіледі. Жиналған мәліметтер экожүйенің жай-күйін бағалап, оны сақтау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.