Резерватта кезекті отырыс өтіп, қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау тақырыптары талқыланды.
🛡 Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және әдеп кодексін қатаң сақтау арқылы адалдық пен ашықтықты насихаттау.
Отырыста:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға шолу жасалды;
- Қызметкерлердің әдептілік қағидаларын сақтау бойынша ұсыныстар айтылды;
- Қызметтік міндеттерді орындаудағы ашықтықты қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
💡 Мұндай кездесулер резерват жұмысының тиімділігі мен қоғамның сенімін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.