💐 Сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

🌲Сіздің орман шаруашылығы саласындағы қажырлы еңбегіңіз – еліміздің табиғатын қорғау мен көркейту жолындағы адал қызметтің жарқын үлгісі.

📝 1970 жылы орманшының көмекшісі ретінде бастаған еңбек жолыңызда 📅 45 жылдан астам уақыт бойы орман шаруашылығының дамуына баға жетпес үлес қостыңыз.

Сіздің өз ісіңізге деген адалдығыңыз, жауапкершілігіңіз және мол тәжірибеңіз – әріптестеріңіз бен кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Қажырлы еңбегіңіздің жемісі мен қадірі ұрпақтан ұрпаққа жалғассын!

Ізгі құрметпен, Бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметов және резерват ұжымы!