«Ертіс орманы» резерваты атынан сіздерді табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен жаңа өмірдің бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің резерват үшін бұл мерекенің орны ерекше. Көктем табиғатты оятып, орманға жан бітіріп, үміт пен шабыт сыйлайды. Бұл – қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғи байлықты сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізудің маңыздылығын терең сезінетін кезең.
Наурыз әр шаңыраққа жылулық, қуаныш, береке мен бірлік әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, шабыт пен жаңа жетістіктер тілеймін!
Табиғатымыз гүлдене берсін, ал экология игілігі үшін жасалатын игі істер баршамызға ортақ дәстүрге айналсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры - С.М.Елемесов