Резерват тұқымбақтарында кәдімгі қарағай тұқымын себу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес 8 гектар аумаққа тұқым себу көзделген.
Тұқымдар арнайы дайындалған топыраққа себіліп, үсті ағаш үгіндісімен жабылды. Ылғалды сақтау және күннен қорғау үшін көлеңке қалқандар орнатылды.
Өскіндер пайда болған соң, қалқандар көтеріліп қойылады жас өскіндерге көлеңке береді.
Қарағай көшеттері 2 жылдан кейін стандартты өлшемге жетеді.
Осы аралықта орман тұқымбағының мамандары тұқымға ерекше күтім жасайды: арамшөптерден тазартып, суарып, тыңайтып, зиянкестер мен аурулардан қорғайды.

Әрбір егілген тұқым — болашақ орманның бастамасы!