2025 жылғы 30 сәуірде «Ертіс орманы» МОТР РММ Ботабас орманшылығында республикалық «Таза Қазақстан» науқаны мен «Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциясы аясында «Жасыл Қазақстан» атты экологиялық шара өтті.

Іс-шараға келесі қатысушылар атсалысты:
• Мәскеу қаласынан келген «Эко» қорының өкілдері,
• Астана қаласындағы «Қарағаш» қоғамдық қоры,
• Павлодар мен Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарының студент-волонтерлері,
• Шалдай ауылындағы шекара бекетінің қызметкерлері,
• Резерват мамандары мен Ботабас, Қарашілік, Жердыалан орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары.

Көшет отырғызу нәтижелері:
• 2000 қайың көшеті
• 200 кәдімгі қарақат көшеті

Акцияның мақсаты — ауылдық елді мекендердің аумағын көгалдандыру. Ауыл сыртында отырғызылған қайың аллеясы болашақта демалыс аймағына айналып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қуаныш сыйлайтын табиғат бұрышы болмақ.

Экологиялық қор ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, резерватпен одан әрі ынтымақтастыққа ниетті екенін жеткізді. Болашақта — бірлескен көгалдандыру жобалары, туристік маршруттарды абаттандыру, жастарға арналған экосабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланды.

Ағаш отырғызу — еліміздің жасыл болашағына қосылған үлес!

 

 

image-02-05-25-10-43.jpegimage-02-05-25-10-43-1.jpegimage-02-05-25-10-43-2.jpegimage-02-05-25-10-43-3.jpegimage-02-05-25-10-43-4.jpeg