ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ 4-КЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ!

Ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты орман және дала алқаптарында жоғары деңгейдегі өрт қаупі тіркеліп отыр!

Бұл өте қауіпті жағдай!

Сақ болыңыздар:

• Орманда от жағуға қатаң тыйым салынады!

• Темекі тұқылын, әйнек, қоқыс қалдықтарын тастамаңыз!

• Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ескертіңіз!

• Күдікті түтін немесе жалын байқасаңыз – 101 немесе 112 нөміріне, орман күзетіне +77056019680 шұғыл хабарлаңыз!

Өрт – табиғаттың ғана емес, адамның да өміріне қауіпті!