2026 жылғы 5 наурызда «Ертіс орманы» МОТР РММ-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Алтынбек Нұхұлы жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған конституциялық реформалардың практикалық маңызы талқыланды. Өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы әрі ашық жағдай қалыптастыру, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарлау мен инвестициялық тартымдылықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар кездесу аясында қоршаған ортаны қорғау, орман ресурстарын сақтау және өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды. Кездесуге қатысушылар шешім қабылдау үдерісінде азаматтық қоғамның рөлі, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамдық бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды екені айтылып, әрбір азаматтың 2026 жылғы 15 наурызда өтетін дауыс беруге қатысуының маңыздылығы еске салынды.



