Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді жаппай көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарланған.
Осы игі бастамаға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты өз үлесін қосуда.
Біз жыл сайын 12 миллионнан астам кәдімгі қарағай көшетін отырғызамыз. Биылғы жылы да бұл жұмыс қарқынды жалғасуда!
Қазіргі уақытта резерват аумағында маңызды агротехникалық кезең – отырғызу материалын дайындалған жер телімдеріне көшіру жүргізілуде.
Екі жылдық көшеттерді қазып алу — орманды қалпына келтіру шараларының ең жауапты сәттерінің бірі.
Отырғызу жұмыстары барлық талаптарға сай орындалуда:
• Көшеттер берік тамыр жүйесімен, сапасына қарай іріктеледі;
• Жазық учаскелерде механикаландырылған әдіс қолданылады — бұл еңбек өнімділігін арттырады;
• Техниканың кіруі қиын жерлерде қолмен отырғызылады — тамырлар тік орналасып, топырақ мықтап тығыздалады.
Қазақ орман орналастыру кәсіпорынының жобасына сәйкес, «Ертіс орманы» резерватында ағаш отырғызу көлемі 2114,5 гектарды құрауы тиіс еді.
Алайда 2024 жылы бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бұл көлем 2500 гектарға дейін ұлғайтылды.
Осылайша, биылғы жылы резерват аумағында 12 миллионнан астам көшет отырғызылады!
Бұл — елімізді көгалдандыруға қосылған үлкен үлес!