Резерват аумағы — Сібір еліктерінің жайлы мекені. Соңғы жүргізілген санақ нәтижесі бойынша, бүгінде бұл киелі өңірде 932 дарақ Сібір елігі мекендейді.

Бұл — табиғатты қорғауға бағытталған жұмыстардың жемісі, табиғи тепе-теңдіктің сақталып келе жатқанының айғағы.

Сібір елігі — орманның көркі, дала тынысының нәзік лебі. Олардың еркін әрі қауіпсіз өмір сүруі — біздің қамқорлығымызға байланысты.
Табиғат — аманат. Оны сақтау — ұрпақ алдындағы парызымыз.