Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Табиғи резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов ағымдағы жылдың 23 мамырында Бесқарағай филиалының жұмысына бақылау жасау мақсатында филиалдың бірқатар нысандарын аралады.

Жарияланды 27 Мамыр 2024

Табиғи резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов ағымдағы жылдың 23 мамырында Бесқарағай филиалының жұмысына бақылау жасау мақсатында филиалдың бірқатар нысандарын аралады.

Атап айтқанда орман өрт сөндіру станциясында, автокөлік паркінде, диспетчерлік қызмет бөлімінде және филиал тұқымбағына барды.
Өрт сөндіру станциясының қызметкерлерімен тілдесіп, ұсыныстарын жазып алынды, кейбіреуіне сол жерде түсіндірмелер берілді.
Техника мен жабдықтардың жай күйін тексеріп, филиал директорына өрт қауіпті кезеңі мен орман қалпына келтіру жұмыстары кезінде техниканың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жоғарыда атап өтілген жұмыстардың барлығы бас директордың қатаң бақылауында.

21 мая сотрудники природного резервата “Ертіс орманы” совместно с Карьерным центром Щербактинского района провели встречу с населением Галкинского сельского округа. (2)

Жарияланды 27 Мамыр 2024

21 мамырда «Ертіс орманы» табиғи резерваты мамандары Шарбақты ауданының мансап орталығымен бірлесіп Галкин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мұндағы мақсат- резерватта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу. Қатысқан жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу ұсынылды.

Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ ҮШІН ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР СЕБУ

Жарияланды 27 Мамыр 2024

Резерват аңшылықтанушылары жабайы жануарларды азықтандыру үшін дәнді дақылдар егуде.

Азық ресурстарын ұлғайту, сондай-ақ тұяқтылар мен жануарлардың санын сақтау және көбейту мақсатында жемшөп алқаптарын құру маңызды биотехниялық іс-шаралардың қатарына жатады.

Жем-шөп алқаптары жазғы жем-шөп қорын кеңейтеді және тұяқтыларды шоғырлануы қажет жерлерде ұстайды. Бұл егістер негізінен елік пен бұланға, құстарға арналған.

Мұндай алқаптардың ассортиментінде дәнді дақылдардың келесі түрлері (сұлы,арпа,қарақұмық,күнбағыс)бар.  

Аңшылықтанушылар аумақтағы жануарлардың жалпы жай-күйіне және егілген алқаптарға жануарлардың келуіне үнемі мониторинг жүргізіп отырады

Резерват аумағында жаңа түрлерді анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде

Жарияланды 26 Мамыр 2024

Резерваттың ғылыми қызметкерлері** аумақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл зерттеулердің басты мақсаты – жаңа түрлерді анықтап, биоәртүрлілікті сақтау.

Зерттеу барысында ерекше назар сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және Қызыл кітапқа енген түрлерге аударылады. Соңғы зерттеулер нәтижесінде бірнеше жаңа түр анықталып, олар ғылыми дерекқорға енгізілді.

Резерват ұжымы табиғат байлығын сақтау үшін жүйелі түрде жұмыс істеп келеді.

Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күні

Жарияланды 22 Мамыр 2024

Жыл сайын 22 мамырда әлем Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күнін атап өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – табиғаттағы барлық тіршілік формаларын қорғаудың маңыздылығын еске салу және экожүйелерді тұрақты пайдалану қажеттігін насихаттау.

Биоалуантүрлілік – бұл біздің ғаламшарымыздың өмірлік негізі. Ол климатты реттеуге, су мен топырақ сапасын сақтауға, азық-түлік пен дәрілік өсімдіктерді өндіруге ықпал етеді. Дегенмен, қазіргі таңда түрлердің жойылуы, табиғи мекендердің азаюы және климаттың өзгеруі сияқты проблемалар биоалуантүрлілікке елеулі қауіп төндіруде.

Резерватымыздың ұжымы биоалуантүрлілікті сақтау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ғылыми зерттеулер, экожүйелерді қалпына келтіру шаралары және қоғамды экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу – біздің басым бағыттарымыздың бірі.

Бұл ерекше күнде әрбір адам табиғатты қорғау ісіне үлес қоса алады: ағаш отырғызу, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық бастамаларды қолдау – табиғатты қорғауға жасалған әрбір қадам маңызды.

Табиғатты бірге қорғайық – болашақты бірге сақтайық!

 

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні резерват бас директорының м.а. Әметов Қ.Қ. кезекті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жарияланды 17 Мамыр 2024

Қабылдау кезінде жұмысқа орналастыру бойынша мәселелерді және басқада сауалдар жан-жақты талқыланып, шешімі табылды.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон

«Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өттуі.

Жарияланды 17 Мамыр 2024

Оқу-жаттығу шеңберінде Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шартты табиғи өртті жою жөніндегі іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтаудан өтті. Табиғи резерват қызметкерлері, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен жауапты ведомстволар өрт қауіпті кезең жағдайында ТЖ жою кезіндегі іс-қимылын пысықтады.

Жаттығу жоспарына сәйкес, ыстық ауа-райы мен қатты желге байланысты орман алқабының аумағында күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты. Оқу-жаттығу шеңберінде табиғи өртті сөндіруге, халық пен жануарларды эвакуациялауға, жоғалған туристерді іздеуге және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта өртті сөндіруге байланысты 4 тәжірибелік тапсырма орындалды.

Оқу-жаттығуға барлығы 80 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.

2024 жылғы 23 мамырда «Ертіс орманы» табиғи резерваты

Жарияланды 15 Мамыр 2024

бас директорының м.а. Әметов Қазбек Қасымұлы
Шақа ауылдық округінде жеке қабылдау жүргізеді.
Қабылдау мекенжайы: Шақа ауылы, Бесқарағай филиалының ғимараты
Қабылдау уақыты: 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Кез келген адам өз сұрақтары мен ұсыныстарын айта алады

 

Тазалық апталығы өтті

Жарияланды 15 Мамыр 2024

Жыл сайынғы «Парктер шеруі – 2024» табиғат қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Аққулы ауданы мен Шарбақты ауданы мектептері арасында «Оқу орындарының аумағын жинау» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-мектеп аумағын абаттандыру ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер құрамын біріктіруге мүмкіндік беру.
Оқушылар мен мұғалімдер мектап айналасын тұрмыстық қоқыстардан, жапырақтар мен құлаған бұтақтарды тазалап, оқу орындарының аумағында бояу және әктеу жұмыстарын жүргізді.
Эко акция қатысушыларына зор алғысымызды білдіреміз. 

Резерват тұқымбақтарында кәдімгі қарағай тұқымын себу жұмыстары аяқталды.

Жарияланды 15 Мамыр 2024

Тұқымдар арнайы дайындалған топыраққа себілді. Содан кейін, дақылдар ылғалды ұстап тұру үшін егілімге ағаш үгінділерімен бүркеу жүргізілді және көлеңке қалқандармен жабылды.
Өскіндер пайда болған кезде, қалқандар көтеріледі, бірақ өсімдіктерге көлеңке беру үшін жиектерде қалдырылады.
Қарағай көшеттері стандартты өлшемдерге 2 жылдан кейін жетеді.
Осы уақыт ішінде орман тұқымбағының қызметкерлері егістікке мұқият күтім жасайды – арамшөптерден тазартып, суарады, тыңайтып, аурулар мен зиянкестерден қорғайды.

60 бет. Барлығы: 77

  • 55
  • 56
  • 57
  • 58
  • 59
  • 60
  • 61
  • 62
  • 63
  • 64


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы