Жаңалықтар
Өрт қауіпті маусымның жақындауына байланысты техника паркін толықтыру мен жаңартудан, персоналдың біліктілігін арттырудан басқа, орман өрттерінің пайда болуы мен таралуын болғызбау жөніндегі шаралар кешенін қамтитын профилактикалық өртке қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Оларға өртке қарсы минералданған жолақтар жасау, өртке қарсы мақсаттағы жолдарды салу, өртке қарсы тақырыптағы көрнекі үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жандыру жатады.
Бұл іс-шаралардың барлығы орман өрттерінің алдын алуға және олармен сәтті күресуге қызмет етеді.
Табиғи резерват қызметкерлері резерват аумағында құрғақ өсімдіктерді бақыланатын жандыру жүргізуде.
Өртенген өсімдіктері бар учаскелер қауіпті жағдай туындаған жағдайда орман екпелері мен елді мекендерге барар жолда отқа тосқауыл болады.
Барлығы ұзындығы 300 км шөптесін өсімдіктерді бақыланатын жандыружоспарлануда.
«Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясының басталғанын қуана хабарлаймыз.
Акцияның негізгі мақсаты- биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және ЕҚТА проблемаларына жалпы қоғамның назарын тарту үшін қажет, оларға табиғатты қорғаумен кәсіби айналысатын адамдардың тарапынан тәжірибелік көмек көрсету, отандастарымыздың санасында біздің табиғи және мәдени мақтанышымыз үшін мақтаныш сезімін ұялату, биоалуантүрлілікті сақтау мен Қазақстандағы ЕҚТА ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыру.
Халықтың табиғатқа деген оң көзқарасы, оны сақтауда ЕҚТА маңызды рөл атқарады.
Акция әрбір адамға өз елінің ұлттық табиғи байлығының бірегей бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ашуға және өзінің нақты іс-әрекеттерімен олардың сақталуы мен дамуына жеке үлес қосуға мүмкіндік береді.
Өйткені, табиғи Резерват-бұл Қазақстанның табиғи байлығының мақтанышы мен қазынасы және олар бүкіл қоғамның назары мен қолдауына сенуге құқылы.
Акция сәуір айының 1 жұлдұзынан шілде айының 1-не дейін жалғасады.
Акция барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары алдағы уақытта жүктелетін болады.
Акцияға белсене ат салысуыларыңызды сұраймыз!
2023 жылы 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы басталады.
Акция барысында бір сағатқа шамдар мен тұрмыстық техника өшіріледі. Оның барысында әлемдегі ең әйгілі ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы сөнеді.
Акцияның мақсаты- табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
Барлықтарыңызды ақцияға қатысып, 60 минутқа жарықты сөндіруге шақырамыз!
Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директордың 10.03.2023 жылғы №7 бұйрығымен басқарма аңшылықтанушысы Бауржан Санатқанұлы Бердагулов Шалдай филиалы директоры-мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.
Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің қатарына орманшы мамандығы кіреді. Орманшының еңбегі оңай емес. Оған тек төзімді, сабырлы, табиғатты аялай алатын адамға ғана барады. Солардың қатарында «Ертіс орманы» табиғи резерваты Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспекторы-мемлекеттік иснпектор Күлпану Құрманғалиевада бар.
Күлпану Құрманғалиева 24 жыл орман шаруашылығында ерлермен қатар иық тіресе еңбек етіп келеді.
Орман шаруашылығына алғашқы қадамын 1986 жылы Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының өрт сөндіру станциясынан бастап, 2017 жылы Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспектор-мемлекеттік инспекторы болып ауысты. Жұмыс жасап жүріп Павлодар технологиялық колледжін «орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Күлпану Құрманғалиева осы орманшылыққа қарасты 1170 гектар аумақтың қауіпсіздігіне жауап береді.
Бас орманшы бекіткен кестеге сай, тәуліктің қай сағаты болмасын орманшылық аумағын аралап, қорғауға алынған территорияда табиғат қорғау заңнамасының бұзылмауын жіті бақылайды.
Орман қорғаудан басқа, орман зиянкестері мен ауруларының таралуына жол бермеу, белгілеп өлшеу, жаңа ормандарды отырғызу және әлсіз екпелерге күтім жасау міндеттерінің барлығы Күлпану Құрманғалиеваның мойнына жүктелген.
Күлпану Құрманғалиева орман шаруашлығындағы қызметін, отбасылық міндеттерімен сәтті үйлсетіруде.
Табиғи резерват аумағындағы жануарлар дүниесінің жай-күйінің сандық және сапалық өзгерістеріне бақылау жасау мақсатында табиғи резерват аңшылықтанушылары есепке алу жұмыстарын жүргізуде.
Жануарлар түрлерінің есебін жүргізу олардың резерват аумағы бойынша таралуы (мекендеу орындары мен алқаптары), олардың саны туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.
Құрметті қазақстандықтар!
⠀
Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
⠀
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. ⠀
Сіздерге осы мереке күні зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілейміз!
Табиғи резерват аңшылықтанушылары қосымша азықтандыру алаңдарына тексеру жүргізді. Кезекті тексеру кезінде қосымша азықтандыру алаңдары аумағында жабайы жануарлардың іздері және азықтар желінгенін көруге болады, бұл азықтандыру алаңдарының дұрыс жерде орналасқанының және жем-шөптердің сапасының жақсы екенінің көрсеткіші.