Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Табиғатты қорғау – ортақ міндетіміз!

Жарияланды 30 Желтоқсан 2024

📍Шалдай филиалы Аңшылықтанушылары мен Полиция бөлімі бірлескен рейд өткізді. Нәтижесінде заң бұзушылық анықталған жоқ.

❗Естеріңізге саламыз:
Резерват аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған!

♻ Резерват қызметкерлері жануарларды қысқы азықпен қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты түрде атқарып келеді. Табиғатты қорғау – біздің басты міндетіміз!

❗ Егер Сіз заң бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бұл туралы бізге хабарлаңыз:
☎ 8 (705) 601 9680
📞 102

Заң мен тәртіп!

Жарияланды 30 Желтоқсан 2024

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштарды заңсыз кесу ауыр құқық бұзушылық болып табылады. Табиғатты қорғау – барлығымыздың ортақ міндетіміз!

Осыған орай, резерваттың мемлекеттік инспекторлары табиғат байлығын сақтау мақсатында күнделікті күзет және бақылау шараларын үздіксіз жүргізуде.

Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, бұл туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Табиғатты бірге қорғайық!

Жануарларға қамқорлық — басты міндет

Жарияланды 27 Желтоқсан 2024

 

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі өз нәтижесін беруде!

Шалдай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары кезекті аумақты аралау кезінде еліктер тобын кездестірді.

Жануарлардың табиғи ортада алаңсыз жүруі – олардың қауіпсіздік пен қамқорлықта екенін айқын көрсетеді.

Бұл жағдай орманды аумақтарды қорғау, табиғатты сақтау және жануарлар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін дәлелдейді.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз. Біз болашақ ұрпаққа бай және таза табиғатты қалдыру үшін еңбек етудеміз!

 

77.jpeg

“Жасыл Жаңа жыл: Табиғатқа қамқорлықпен!”

Жарияланды 27 Желтоқсан 2024

Мектеп орманшылығының шығармашыл мүшелері ерекше әрі экологиялық таза жаңа жылдық ойыншықтар жасады!

Бұл ойыншықтар – табиғат материалдарынан жасалған ерекше туындылар ғана емес, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі.

Неліктен бұл маңызды?

✅ Қайта пайдалануға болатын материалдар қолданылады.

✅ Қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

✅ Табиғатты қорғауға шақырады.

Биылғы Жаңа жылды табиғатқа қамқорлықпен қарсы алайық!

373b5e97-6df9-4811-8968-1d7cc26051e1.jpeg9cc4f3a8-8ebd-4aa9-bfd8-4c67bb63196d.jpeg

Орман күзеті “Шырша” шарасын жалғастыруда!

Жарияланды 27 Желтоқсан 2024

Жас қылқандарды қорғау мақсатында орман қорында рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты – орман байлығын заңсыз кесу әрекеттерінің алдын алу және табиғаттың жасыл желегін сақтау.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Біз бірлесіп, табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз!
0dbda96e-c74c-4b81-af3f-b5e823d1d952.jpegbe8d9029-8946-45f7-8739-2c8d04f7f6f4.jpeg6985335a-9c5a-447b-81a1-6148f797a4f1.jpeg

“Жасыл Жаңа жыл: Табиғатқа қамқорлықпен!”

Жарияланды 27 Желтоқсан 2024

Мектеп орманшылығының шығармашыл мүшелері ерекше әрі экологиялық таза жаңа жылдық ойыншықтар жасады!

Бұл ойыншықтар – табиғат материалдарынан жасалған ерекше туындылар ғана емес, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі.

Неліктен бұл маңызды?

✅ Қайта пайдалануға болатын материалдар қолданылады.

✅ Қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

✅ Табиғатты қорғауға шақырады.

 

Биылғы Жаңа жылды табиғатқа қамқорлықпен қарсы алайық!

9cc4f3a8-8ebd-4aa9-bfd8-4c67bb63196d.jpeg881688f9-bd9f-44ee-bd67-3211f47976df.jpeg

Біз табиғатты қорғау ісін жаңа деңгейге көтерудеміз! Табиғи резерватымыздың автопаркі 7 бірлік «Беларус» маркалы заманауи трактормен толықты.

Жарияланды 27 Желтоқсан 2024

 Бұл қуатты техникалар келесі маңызды жұмыстарды атқаруға көмектеседі:

- Өрттің алдын алу – аумақты тазалау және қауіпсіздік шараларын күшейту.

- Өрт сөндіру – қажетті құрал-жабдықтарды жылдам жеткізіп, өртті оқшаулау.

- Орманды қалпына келтіру – ағаш отырғызу және орманды күту жұмыстарын тиімді жүргізу.

 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жаңа техниканың көмегімен бұл жұмысты одан әрі нәтижелі жүргізетін боламыз!

dca35c99-42b1-4f9d-9fac-88b392e06e40.jpeg

Табиғат – ортақ қазына: бірге қорғайық!

Жарияланды 24 Желтоқсан 2024

Құрметті тұрғындар мен қонақтар!

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштарды заңсыз кесу – заңмен қудаланады. Мемлекеттік инспекторлар ескертеді: мұндай әрекеттер үшін қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

🌱 Табиғатқа жанашырлық танытайық!
Біз өңір тұрғындарын табиғат байлығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір ағаш – біздің болашағымыздың кепілі.

🚨 Егер заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына немесе орман күзетіне хабарласыңыз.

 

Табиғатты қорғаудағы бірлік: Орман аумағында рейд өтті

Жарияланды 23 Желтоқсан 2024

📅 Ағымдағы жылдың 20-22 желтоқсан аралығында Павлодар облысындағы “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары, “Охотзоопром ӨБ” мекемесінің инспекторлары және Шарбақты ауданының табиғатты қорғау полициясы бірлесіп мемлекеттік орман қоры аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

♻️ Рейдтің негізгі мақсаты – орманды заңсыз кесу, аң аулау және табиғатқа зиян келтіретін басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

📍 Үш күндік шара барысында мемлекеттік орман қоры аумағында бақылау күшейтіліп, бірнеше аймақ тексеруден өтті. Қуаныштысы, рейд барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмеген. Бұл табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

📝 Осындай рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл шаралар тек заң бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға да бағытталған. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпайық.

“Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі

Тәжірибе алмасу

Жарияланды 19 Желтоқсан 2024

Бүгін резерватымызда ”Ұлытау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері: Директор Ғ.Қ. Қойшыбаев, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы Е.Е. Рахманиянов, Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы Б.Б. Болат тәжірибе алмасу мақсатында резерватқа келді.

🔎 Тәжірибе алмасу барысында:
- Резерваттың өртті ерте анықтау жүйесімен танысып, оның маңыздылығын атап өтті.
- Орман өрт сөндіру станциясының жұмысын көрді;
- Өндірістік телімдегі қызмет барысымен танысты.

Мұндай кездесулер табиғатты қорғау саласындағы білім мен тәжірибені жетілдіруге, тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бірлескен күш-жігеріміз табиғатты сақтауға үлкен үлес қосары сөзсіз!

49 бет. Барлығы: 77

  • 44
  • 45
  • 46
  • 47
  • 48
  • 49
  • 50
  • 51
  • 52
  • 53


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы