Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Орман қорғанысының сенімді байланысы

Жарияланды 07 Наурыз 2025

💐 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы: 21 жыл байланыс саласында

🌱 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы орман шаруашылығындағы еңбек жолын 2002 жылы Тайбағар орманшылығында радиобайланыс операторы болып бастады.
🌱 2004 жылы Орталық диспетчерлік қызметінің ашылуына байланысты сонда ауысып, содан бері осы салада табанды еңбек етіп келеді.

💐 Кәсібіне адал, өз ісіне аса жауапты маман ретінде ол орманды қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел басқару орталығының тиімді жұмыс істеуіне зор үлес қосуда. Қазіргі уақытта салаға жаңа технологиялар енгізілуде. Соның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі құрылып, табиғат қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілуде.

💐 Қымбат Апсатқызы – орман шаруашылығына жанашырлықпен қарайтын отбасының өкілі. Оның анасы да көп жылдар бойы осы салада қызмет етсе, әпкесі де орманды қорғау ісімен айналысады. Осындай отбасылық дәстүр мен үлкен тәжірибенің арқасында ол өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарып келеді.

🌱 Орман – халқымыздың байлығы, оны қорғау – баршаға ортақ міндет. Бұл жолда Тулеубаева Қымбат Апсатқызы сынды өз ісінің майталмандарының еңбегі зор.

Орманның нәзік қорғаушысы

Жарияланды 07 Наурыз 2025

8 наурыз – көктемнің жылулығын, аналардың мейірімін, еңбекқор арулардың қайсарлығын дәріптейтін ерекше күн! Осы мереке қарсаңында біз сіздерді орман шаруашылығының аруларымен таныстыруды жалғастырамыз.

✨ Бүгінгі кейіпкеріміз – Есумқанова Салтанат Зупаровна! ✨

🌱 Қызметі: Табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің инженері
🌱 Саладағы тәжірибесі: 10 жыл
🌱 Еңбек жолының бастауы: Шалдай филиалының заңгері
🌱 Отбасы: Орман шаруашылығының ардагерлері

Салтанат Зупаровна – табиғатты аялауды өмірлік ұстанымына айналдырған жан. Оның еңбегі – болашақ ұрпаққа жасыл орманды аманат етіп қалдыруға бағытталған. Қайсар мінезі мен жанашыр жүрегі оны нағыз орман жанашыры етеді!

Орман саласындағы нәзік жандылардың еңбегіне алғыс білдіре отырып, олардың табиғатты қорғаудағы қажырлы еңбегін жоғары бағалайық!

Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

Жарияланды 03 Наурыз 2025

Жыл сайын 3 наурызда әлем Дүниежүзілік жабайы табиғат күнін атап өтеді. Бұл күн – табиғаттың баға жетпес байлығын сақтаудың маңыздылығын еске салатын ерекше мүмкіндік.

Жабайы табиғат – экожүйенің ажырамас бөлігі, ал оны қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Ормандар, өзендер, жануарлар мен өсімдіктер – барлығы табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлшегі. Табиғатты қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа таза және бай әлем қалдыра аламыз!
Табиғатты аялау – өз өмірімізді аялау!

Қыспен қоштасу: Шаңғы марафоны

Жарияланды 03 Наурыз 2025

Туризм және экологиялық ағарту бөлімі қыспен қоштасу құрметіне шаңғы марафонын ұйымдастырды!

Қатысушылар қысқы табиғаттың әсемдігін тамашалап, өздерінің төзімділігі мен спорттық рухын көрсетті.

Бұл марафон – салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, табиғатты қорғаудың маңыздылығын ұғындыратын тамаша мүмкіндік. Қыс артта қалып, көктем жаңа жетістіктер мен игі бастамаларға жол ашсын!

Орман резерватының қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы оқу өткізілуде

Жарияланды 03 Наурыз 2025

Орман табиғи резерватында еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы оқу өтті. Мамандар еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының материалдары негізінде дайындалған слайдтарды көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қызметкерлерге қауіпсіз жұмыс тәсілдері үйретіліп, жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Оқу соңында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі мамандары әзірлеген тест сұрақтарына жауап беріп, алған білімдерін растады.

Қауіпсіздік – тиімді және нәтижелі еңбектің кепілі!

Тұз – жабайы жануарлар үшін өмірлік маңызды элемент!

Жарияланды 03 Наурыз 2025

Көптеген орман жануарлары су теңгерімін сақтау, зат алмасуды реттеу және денсаулығын нығайту үшін тұзға мұқтаж. Табиғатта олар тұзды өзен-көлдердің жағалауынан немесе топырақтан іздейді.

🌿 Жануарларға тұз не үшін қажет?
✔ Ас қорытуды жақсартады
✔ Жүйке жүйесінің жұмысын қолдайды
✔ Сүйек пен мүйіз өсуіне ықпал етеді

🌲 Орманда біз жасанды тұзды алаңдар жасап, тұяқты жануарлардың денсаулығын қолдаймыз. Әсіресе қыс пен көктем мезгілінде табиғи тұз көздері азайған кезде бұл өте маңызды. Бұл тек жануарларға ғана емес, бүкіл экожүйеге пайдалы!

Құстарға қамқорлық

Жарияланды 03 Наурыз 2025

Біздің кішкентай достарымыз – құстар үшін қолайлы жағдай жасау табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Осы мақсатта резерваттың экологиялық ағарту мамандары құстарға ұя жасау бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Шара барысында қатысушылар құстардың өмір сүру ортасы мен олардың табиғаттағы рөлі туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, әркім өз қолымен ағаш ұя жасап, оны орманға орналастыру мүмкіндігіне ие болды.

🔹 Құстарға ұя жасау – олардың көбеюіне және жыртқыштардан қорғануына көмектеседі.
🔹 Бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және зиянкестердің санын табиғи жолмен реттеуге ықпал етеді.
🔹 Мұндай іс-шаралар балалар мен жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

📍 Біз табиғатты аялау арқылы оның байлығын келер ұрпаққа сақтап қаламыз!

 

Ауқымды экологиялық шара Павлодар қаласында

Жарияланды 24 Ақпан 2025

Павлодар қаласының № 3 гимназия мектебінде ерекше экологиялық акция жалғасын тапты!

Оқушылар туризм және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен 120 дана қарағай тұқымын егіп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Бұл шара табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, жас буынға қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін сіңіру мақсатында өтті.

Біз бірге жасыл болашақ құрып жатырмыз!

Әрбір егілген тұқым – біздің жеріміздің таза ауасы мен әдемі табиғатының кепілі. Осындай акциялар арқылы біз тек ағаш егіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа экологиялық сана-сезім қалыптастырамыз.

 

 

Көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстарына дайындық

Жарияланды 24 Ақпан 2025

Табиғи резерваттың орманшылары көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстарына дайындықтың алғашқы кезеңін бастады.

Орман көшеттерін сақтау үшін қолайлы жағдай жасау – орманды молайтудың маңызды шарттарының бірі.

Қазіргі уақытта ауа райының қолайлылығы мен қар қорының жеткілікті болуына байланысты орманшылар көшеттерді сақтау үшін қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр. Бұл әдіс олардың мерзімінен бұрын өсуін тоқтатып, кеуіп қалмауына көмектеседі.

📌 2025 жылы резерват аумағында орман қалпына келтіру жұмыстары 2114,5 га аумақта жоспарлануда:
🌱 Көктемде – 1614,5 га
🍂 Күзде – 500,0 га

Көшеттерді сақтау мақсатында 🖇️ 90 қар үйіндісі (табиғи тоңазытқыштар) жасалады.

🌱 Орманды қалпына келтіру – болашаққа жасалған маңызды қадам!

 

Табиғи резерваттағы қысқы санақ жұмыстары

Жарияланды 23 Ақпан 2025

📝 Табиғи резерват аумағында қысқы санақ жұмыстары жүргізілуде.

🌍 Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі мамандары мен аңшылықтанушылар жабайы жануарлардың санын анықтау мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізуде.

❄ Аязды күндері жүргізілетін бұл есеп қоршаған ортаны қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін аса маңызды. Санақ нәтижелері табиғаттағы жануарлар популяциясын бақылап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
#санақ#жануарларәлемінқорғау📝#орманшаруашылығы
@qazaqormany
@pavlodar_inspektsiya

45 бет. Барлығы: 77

  • 40
  • 41
  • 42
  • 43
  • 44
  • 45
  • 46
  • 47
  • 48
  • 49


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы