Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

📝 2024 жылғы 21 қарашада «Ертіс орманы» табиғи резерваты бас директорының м.а. Әметов Қазбек Қасымұлы Шақа ауылдық округінде жеке қабылдау жүргізеді.

📍 Қабылдау мекенжайы: Шақа ауылы. Бесқарағай филиалының ғимараты.

🕑 Қабылдау уақыты: 11.00-ден 13.00-ге дейін.

Кез келген адам өз сұрақтары мен ұсыныстарын айта алады.

☎ Келесі телефондар арқылы жазыла аласыздар: 8(71836) 32252, +7 (777) 5450945

Резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

🖇 Азаматтардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктемелер берілді.

☎ Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон.

Read more ...

2024 жылғы Орман қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі!

🌲Біз үлкен қуанышпен орман қалпына келтіру іс-шараларының сәтті аяқталғанын хабарлаймыз! Биыл 2841 гектар аумаққа 12 миллионнан астам кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды. Бұл – экожүйемізді сақтау мен болашағымызға қосқан зор үлес.

Еліміздің орман байлығын көбейтуде көрсеткен қолдауларыңызбен көмектеріңізге алғыс білдіреміз!

#ОрманҚалпынаКелтіру #Экология #ТабиғатҚорғау #ЖасылПланета #Қарағай

 

Бүгін жас орманшылар табиғатты жасылдандыруға өз үлестерін қосты

🌳 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында балалар қарағай көшеттерін отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатты қорғауға атсалысты.

Әр отырғызылған ағаш – таза ауа мен жасыл әлемнің кепілі.
Жас орманшыларымызға алғысымыз шексіз! 🌍💚

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

“Ертіс орманы” орман табиғи резерватында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.

Бұл акция әртүрлі аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді.

Туризм бөлімі қызметкерлері мен Садықащы орманшылығының орманшылары “Қарағай алаңы” қонақ үйінің аула алаңын абаттандыру бойынша акция өткізіп, ақ қайың көшеттерінің аллеясын отырғызды.

Біз әрбір қазақстандықты қоршаған ортаны жақсарту бойынша өз үлесін қосуға шақырамыз: қоқысты тастамаңыз, көбірек ағаштар, бұталар отырғызыңыз!

Read more ...

Отындық ағашты босату туралы

«Ертіс орманы» МОТР РММ келесі орманшылықтарында отындық ағаш бар Шалдай филиалы  (Шарбақты ауданы):

Шалдай орманшылығы

Садықащы орманшылығы

Степной орманшылығы

Заводской орманшылығы

Шошқалы орманшылығы

Первомай орманшылығы

Бауыртал орманшылығы

Галкин орманшылығы

Read more ...

БҮРШІК ЖИНАУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛАПТАР!

Кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris) тұқым жинауға жарамды бүршіктері келесі талаптарға сай болуы керек:

1. Жетілген және табиғи түсі қоңыр: Бүршіктер толық жетілген, қоңыр түске айналған болуы қажет. Жасыл немесе жартылай піспеген бүршіктер сапалы тұқым бермейді, сондықтан толық піскенін күту керек. Қарағай бүршіктері әдетте күздің соңында немесе қыс басында піседі.

2. Қабыршақтары тығыз жабылған: Піскен бүршіктердің қабыршақтары жабық болады, бұл олардың ішінде тұқымның сақталғанын білдіреді. Егер бүршіктің қабыршақтары ашылып кеткен болса, ішіндегі тұқымдар түсіп кеткен болуы мүмкін, сондықтан қабыршақтары тығыз жабылған бүршіктерді жинау керек.

3. Сау және зақымданбаған: Тұқым алу үшін сау бүршіктерді таңдау маңызды. Көгеру, жәндіктердің зақымдауы немесе шіріген іздері байқалатын бүршіктерді пайдаланбау қажет, себебі мұндай бүршіктердегі тұқымдар сапасыз болуы мүмкін.

4. Ірі және салмақты: Ірі, салмақты бүршіктерді таңдау ұсынылады, себебі оларда көп мөлшерде және сапалы тұқымдар бар. Мұндай бүршіктер тұқымдық мақсатқа қолайлы, әрі тұқымдардың өну қабілеті де жоғары болуы ықтимал.

Осы параметрлерді ескере отырып, кәдімгі қарағай бүршіктерінен сау және өміршең тұқымдарды алу ықтималдығы едәуір артады, бұл оларды ормандарды қалпына келтіру үшін сәтті пайдалануға мүмкіндік береді.

 

ЕҢБЕКТЕН-ЗЕЙНЕТКЕ

Орман шаруашылығында 35 жыл еңбек өтілі бар орманшы Мұхтар Асаинұлы зейнет жасына жетті.
Еңбек жолын 1988 жылы ағаш кесуші болып бастап, 2005 жылдан бастап Завод орманшылығының орман шебері болып қызмет етуде.

Құрметті Мұхтар Асаинұлы!

Сізді зейнет жасына жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз орманды қорғап, табиғатты сақтау жолында көптеген жылдар бойы адал еңбек еттіңіз. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында ормандарымыз көркейіп, келер ұрпаққа сақталды. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз біз үшін баға жетпес қазына.

Зейнетке шығу – жаңа мүмкіндіктерге толы кез, енді демалып, өзіңізге көбірек уақыт бөле аласыз. Алдағы күндеріңіз денсаулыққа, қуанышқа, жақындарыңызбен бақытты сәттерге толы болсын. Жаңа өмір кезеңіңіз тек игілікті істермен, қуанышты күндермен қуантсын!

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТУІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін, табиғи резерватымыздың жауапты, білікті мамандарының бірі Шалдай филиалының іс-жүргізушісі Адия Камалиевна Досумбаева зейнет жасынажасына жетті.
Табиғи резерваттағы еңбек өтілі 18 жылға жуық.
Еңбек жолын 2006 жылы шалдай филиалының бухгалтер болып бастап, 7 жыл басқарманың кадралар бөлімі инспекторы қызметінде еңбек атқарып, 2021 жылдан бастап Шалдай филиалының іс-жүргізушісі болып қызметін жалғастыруда.
Бұл сәт сіздің жылдар бойғы адал еңбегіңіздің лайықты нәтижесі.
Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жетуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Адия Камалиевна! «Ертіс орманы» табиғи резерватының ұжымы Сіздің еңбегіңізге алғыс білдіре отыра, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт пен молшылық тілейді!

іс-шаралар

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында табиғи резерват бас директорының орынбасары С.М.Елемесов мемлекеттік орман қоры аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты, орман өрттерінің алдын алу мақсатында РМҚК “Қазавиаорманқорғау” Павлодар авиа бөлімшесімен бірлескен әуеден күзет іс-шаралары жүргізілді.

Read more ...

15 бет. Барлығы: 38

  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы