Жаңалықтар
2025 жылғы қыркүйек айында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Басқұдық орманшылығының мемлекеттік инспекторлары мен аңшылықтанушысы биотехниялық іс-шаралар аясында кезекті рейд жүргізді.
Рейд барысында орман алқабы араланып, жабайы жануарларды қоректендіру орындарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жануарлардың жүріп өтетін негізгі соқпақ жолдары мен іздері тексеріліп, олардың белсенділігі мен мекендеу аумағы бағаланды.
Биотехниялық іс-шаралардың басты мақсаты — жануарлар дүниесін қорғау, қолайлы жағдай жасау, азықтық базаны қолдау және табиғи тепе-теңдікті сақтау. Қыс мезгіліне дейін жүргізілетін бұл жұмыстар жануарлардың тіршілік ету ортасына оң әсер етеді.
Мұндай жүйелі жұмыстар резерват аумағында экожүйенің тұрақты дамуына, жабайы жануарлар популяциясының сақталуына және қорықтық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.
«Ертіс орманы» РММ мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан ағаштың орман патологиялық жағдайы мен тауарлық сапасына баға беру жұмыстары жүргізілді.
⠀
Зерттеу барысында мамандар ағаштардың келесі ақауларын анықтады:
— жарықтар мен жарылулар,
— шіру белгілері,
— зиянкес жәндіктермен зақымдану,
— саңырауқұлақ аурулары.
⠀
Жүргізілген талдау орман алқаптарының қазіргі жағдайын анықтауға және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен сауықтыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
⠀
Шақа жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына арнап «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.
⠀
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа туған өлкенің табиғи байлығын таныстырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
⠀
Оқушылар биоалуантүрліліктің маңызын түсініп, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тепе-теңдігін сақтау жолдарын білді.
⠀
Табиғатты қорғау – әр адамның борышы!
⠀
Орман патологы мен ғылыми бөлім мамандары зиянкес жәндіктің санын іріктемелі қазба әдісімен анықтау жұмыстарын жүргізуде.
⠀
Бұл жұмыс жәндіктің таралу ошақтарын уақытылы анықтап, қылқан жапырақты ормандарға келетін зиянның алдын алуға бағытталған.
⠀
Жиналған деректер зияндылық деңгейін болжауға және орманды қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Осы маңызды күні «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен бірлесіп «Таза орман – Таза өлке»атты сенбілік өткізді.
⠀ Табиғат тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Бірлескен еңбектің арқасында қоршаған ортаға қамқорлық танытып, аумақ қоқыстан тазартылды.
⠀
Табиғатты аяла – болашаққа жол аш!
⠀
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бесқарағай филиалына қарасты «Шақа жалпы білім беретін орта мектебінің» 4, 6–9-сынып оқушылары “Таза өлке” сенбілігін өткізді.
⠀
Өндірістік оқу шебері Ахмедиева А.А. жетекшілігімен өткен бұл шарада мектеп орманшылығының жас мүшелері туған өлкеге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
⠀
Бірлескен еңбектің нәтижесінде:
— 100 кг-нан астам тұрмыстық қоқыс,
— 50 кг-ға жуық пластик бөтелкелер жиналды.
⠀
Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Қоқысты кез келген жерге тастамаңыз — таза өлке өзімізден басталады!
⠀
Бүгін Шалдай орта мектебінің» 6-сынып оқушыларына «Биоалуантүрлілікті сақтайық»тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
⠀
Іс-шараны туризм және экологиялық ағарту бөлімі мамандары Шалдай филиалының аңшылықтанушыларымен бірлесіп ұйымдастырды.
⠀
Оқушылар туған өлкенің табиғи ерекшеліктерімен танысып, табиғаттағы биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінді.
⠀
Сонымен қатар, жануарлар жазда су ішетін суаттар мен қыста азық қойылатын алаңдар туралы ақпарат берілді. Онда аңшылықтанушылар шөр, қайың мен көктеректен дайындалған сыпырғыштар, сондай-ақ жануарларға қажет тұз қояды.
⠀
Оқушылар жануар іздерін зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. Аңшылықтанушы бұл аймақта кездесетін жануар түрлерін және іздері арқылы қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.
⠀
Мұндай іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген қамқорлықты арттырады.
⠀
Туристік бағыттардың бірі — «Лешкина тропа» бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
⠀
Акцияның мақсаты — табиғатты қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар келушілер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
⠀
Табиғатты аялауға үлес қосып жүрген барша жанашыр жандарға алғыс білдіреміз!
⠀
Осы айтулы күні «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар «Таза Орман — Таза Өлке» атты экологиялық сенбілік өткізді.
⠀
Іс-шараға 40-тан астам адам қатысып, орман аумағынан 1,3 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналды.
⠀
Табиғатты аялау — әрбіріміздің ортақ міндетіміз!
2025 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар қаласында қонақ үй бизнесі мен туроператорлар өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.
⠀
Іс-шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы @atameken_kz кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды.
⠀
Резерваттың туризм және экологиялық ағарту бөлімі мамандары да семинарға қатысты.
⠀
Спикерлер:
🔹 Ерлан Шакаримов — «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ бас менеджері
🔹 Ақбота Даурен — бас менеджер
🔹 Жанерке Орымбек — жастар тәжірибешісі
🔹 Алмас Сетербаев — агро және ауыл туризмі қауымдастығының вице-президенті, GII ЖШС директоры («Медовая Марка»)
⠀
Қатысушылар:
— Қызметтерді стандарттау,
— «Сапа белгісі» бағдарламасы,
— Гидтер қызметін цифрландыру,
— Агро және ауыл туризмін дамыту бойынша құнды білім алды.
⠀
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.