Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Субботник

26 қыркүйекте Шалдай филиалының Садықашы орманшылығының қызметкерлері резерваттың туризм және эко ағарту бөлімінің мамандарымен бірлесіп "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында туристер жиі баратын "Лешканың соқпақ жолы" туристік маршрутында сенбілікке шықты.
Өткен ғасырдың 90 - жылдарында ірі орман өрті болған учаскелерде өтімді емес қоқырсу қалдықтары шығарылды.
Шеберлер демалушылар үшін жаңа экспозиция жасалып және қолданыстағылары ретке келтірілді.
Резерватта тазалық жұмыстарын өткізу жақсы дәстүрге айналған.
Сенбілік ұжымның бірігуі мен ынтымағына септігін тигізеді, таза және әдемі орманды аймақта өмір сүруге деген құштарлықты күшейтеді.

 

Ағымдағы жылы өрт қауіпті маусымда өрт сөндіру техникасына су құю үшін резерваттың

Ағымдағы жылы өрт қауіпті маусымда өрт сөндіру техникасына су құю үшін резерваттың Бәйімбет, Тайбағар, Шошқалы, Степной орманшылығы аумағында көлемі 50м3 болатын 4 сыйымдылық орнатылды.
Резерват бойынша 3 жасанды өрт су қоймасы (су төгетін құрылғыға су алуға арналмаған) және орманшылықтар мен орман алқаптарында орналасқан су көлемі 25-50 м3 болатын 32 сыйымдылық (11 сыйымдылық орман алқабының ішінде, орманшылықтар кеңсесінен алыс орналасқан) бар.

Пішен шабу кезіндегі өрт қауіпсіздігі!

Бүгінгі күні, біздің аймақта “Ертіс орманы” резерватының орман алқабынаң аумағының маңында ауыл шарушылығын қалыптастыру жерлерінде пішен шабу және егістік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, аталған жұмыстарды жасаған кезде, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды сұраймыз:
1. Орман алқабының маңында сабандарды өртемеу;
2. Ауыл шаруашылығы жерінде өрт жасамау;
3. Пайдалануға жарамды жабдықтау жүйесі мен жарамды ұшқын сөндіргіші бар автотракторлық техникаларды пайдалану;
4. Далада сөндірілмеген шылым қалдықтары мен сіріңкелерді тастамаңыздар. Өрт орман алқабына кіріп кетуі мүмкін екенін естеріңізде сақтаңыздар. Орманда Өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының іс-жүзіндегі заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Халықты орманды дала өртін байқап қалған жағдайда, өрт туралы резерваттың орман қорғау жұмыскерлеріне немесе 101 нөміріне ТЖ қызметіне хабарлауларыңызды сұраймыз.

111.jpg

ОРМАН ӨРТТЕРІН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Резерват аумағында жаңадан 500 шақырымнан астам минералданған жолақтар салынды және 10000 шақырымнан астамы жаңартылды.
Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады.
Жер жыртуларды жасау кезінде жолақтың қажетті еніне (кемінде 4 м) ерекше назар аударылады.

мин_полоса.jpg

Бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

2024 жылғы 12 қыркүйек күні резерваттың бас директорының м.а. Қ.Қ. Әметов Бесқарағай филиалының ғимаратында тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу және жеке мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында резерват басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Естеріңізге саламыз қабылдауға 8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі, 8(777)545-09-45 ұялы телефоны арқылы жазыла алады.

111111пр2423424ием.jpg

 

БПЛА DJI AIR 3

9 қыркүйекте Павлодар облысы ТЖД маманы азаматтық қорғау капитаны А.К.Калиев "Ертіс Орманы" резерватының қызметкерлеріне дронды пайдалану бойынша оқыту жүргізді. Оқыту Шалдай филиалының екінші типтегі орман өрт сөндіру станциясының ғимаратында жүргізілді. Резерваттың барлығы 7 қызметкері оқытылды, оқыту барысында мамандар DJI AIR 3 ҰҰА жұмысында басқаруды және қолдануды үйренді.

КҮЗГІ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазіргі уақытта Шалдай және Бесқарағай филиалдарының екі тұрақты орман тұқымбақтарында кәдімгі қарағай көшеттерін (2022 жылдың күзінде, 2023 жылдың көктемінде және 2024 жылдың көктемінде егілген) күзгі түгендеу жүргізілуде.

Түгендеуге орман тұқымбақтарының қызметкерлері, сондай-ақ орманшылықтардың мемлекеттік инспекторлары тартылады.

Read more ...

Резерват аңшылықтанушылары Күзгі аңшылық маусымның ашылуына байланысты ПБ қызметкерлерімен және аумақтық инспекция мамандарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Естеріңізге сала кетейік, “Ертіс орманы” республикалық мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған.
Заңсыз аң аулағаны және табиғатқа орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік тартылады.

Read more ...

Аң аулауға тыйым салынады!

Күн сайын аңшылықтанушылар  мемлекеттік инспекторлармен және ТКжНҚ бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша патрульдеу жүргізеді.

"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынады. Жануарларды заңсыз аулап табиғатқа орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулағаны үшін залал 3-коэффициентке көбейтіледі.

Мысалы, 2024 жылы ЕҚТА аумағында заңсыз өндірілген елік үшін келтірілген залал 2 769 000 теңгені құрайды.

Егер Сізге заңнаманы бұзу фактілері белгілі болса, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуді, осы фактілер туралы 87182 78 77 32 орман күзетіне немесе 102 пультке дереу хабарлауды сұраймыз.

Табиғатты қорғау заңнамасының ережелерін сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз. 

Бесқарағай филиалының аңшылықтанушысы  Е. Исатаев

Қысқа дайындық!

Биологиялық әртүрлілікті сақтау "Ертіс орманы" табиғи резерватының басты міндеттерінің бірі болып табылады, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын биотехникалық іс-шаралар жүргізеді.

 «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып,  еңбек науқаны басталысымен  қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі. 

Осы орайда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аңшылықтанушылары Аққулы және Шарбақты  аудандарының қарағай ормандарында мекендейтін жабайы жануарлардың қыстауына дайындалуда.

Қазіргі уақытта аңшылықтанушылар азықтандыру алаңдарын, сондай – ақ бірегей таспалы борларда бұғы-бұлан, елік тұқымдастарына арналған жусан,қайын,көктерек өсімдіктерден 2000 дана азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындалды.

Алдағы қыстауға мұндай дайындық орман тұрғындарына көптеген қиындықтарды және қыста аштықты жеңуге мүмкіндік береді.

Күнделікті аңышылқтанушылар жануарлар дүниесін қорғау бойынша бекітілген орман аумағында патрульдеу жүргізуде.

Осы жылдың басынан бастап резерват аумағында орман күзетінің адал жұмысының арқасында браконьерлік оқиғалары тіркелген жоқ.

18 бет. Барлығы: 38

  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы