Жаңалықтар

Бүгін табиғи резерват бастамасымен «TAZA ORMAN” акциясы өтті
Акцияның басты мақсаты — жұртшылықтың назарын орманға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару, ормандарды тұрмыстық қоқыстардан тазартуға, жол бойындағы ормандарды жинауға үлес қосуға дайын және орманға бей-жай қарамайтын адамдардың күш-жігерін біріктіру.
“ТAZA ORMAN” акциясы аясында резерват қызметкерлері, Шалдай ауылдық округінің әкімдігі мен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, «Шалдай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету психоневрологиялық орталығы» КММ қызметкерлері, Шалдай ЖОБМ ұжымы, «Жас орманшы» мектеп орманшылығы мүшелері барлығы 150- ден астам адам қатысты.
Акция соңында барлық қатысушыларына ыстық шай мен бауырсак берілді.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
Қазіргі уақытта «Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында заңсыз ағаш кесу фактілері анықталып, Аққула және Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімдерінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың өткен кезеңінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында резерват қызметкерлері екі әкімшілік ауданның табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп орман алқабын қорғау бойынша рейдтер жүргізеді.
«Ертіс орманы» МОТР РММ хабарлайды: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (яғни, «Ертіс орманы» резерваты) аумағындағы ормандарды (ағаштар, қураған ағаш, өрттен зақымданған (горелник), желден құлаған,желопырық) заңсыз ағаш кескені үшін табиғат қорғау заңнамасына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ, ЕҚТА-ға заңсыз кіргені үшін ҚР заңнамасында 2 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза көзделеді.
100 АЕК-тен астам залал келтірілген жағдайда құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Қобыз ілген» жері Шалдай мен Мерғалым (бұрынғы Қорт) ауылдарының ортасында, қарағай ішінде.
«Қасиетті Мерғалым ата» нысанының салтанатты ашылу рәсіміне орай Мерғалым ауылына Екібастұз қаласынан атаның балдызы Құралай Саханқызы да келіп еді.
Құралай апа «Қобыз ілген» деп аталған жердің шығу тарихы және сол оқиғаның бас кейіпкері, қара қобыздың иесі, бақсы Ожан атаның ұрпағы.
Ожан атаның жатқан жері Аққулы ауданы «Подпускі» ауылы.
«Бұрынғы кезде бақсыларды сынағанда, кәдімгідей халық қобыздарын шынжырлап сынайды екен. Қобызды шынжырлап байлап, сол шынжырды қобыз өзі шешу керек екен. Сондай күн, менің атамның басына да туыпты...
Күндердің бір күнінде, атам осы Қорт ауылына, бір жаз кезі екен, сабан тойға келеді. Ат жарыс болып жатады. Сонда байдың балалары менің атама күліп, «Әй, Ожан, астыңда атың жоқ, ана бәйгеге қобызыңды салуға келдің бе» деп айтқан кезде, атам «Несі бар, қобызды бәйгеге салсам салам, қобызды қарағайдың басына байлаңдар» деп қобызды қарағайдың басына шынжырлап байлаған екен.
Биік қарағайға қобызды шынжырлап байлаған кезде, желдің ырғағымен қобыздан үні шыға бастайды. Сол қобыздың үні шыққан кезде, қарағайды шайқап-шайқап тамырымен жұлып алған екен. Жұлып алып, бәйгеге шапқан екен. Бәйгеге шауып, жаңағы бәйге басына бірінші жеткен екен. Сол жерде бақсыға күлген халық, Ожан атамның қасиетін мойындаған екен. Бәйгеден бірінші келген қобыздың шынжырын шешіп, атам қобызын қолына алған екен. Сөйтіп бәйгені атам солай алып кеткен екен» деп Құралай апа «Қобыз ілген» жерінің тарихын тарқатып айтып берді.
Алдағы уақытта «Қобыз ілген» туристік маршруты ашылып, Қарағай елінің сакралды жерлері картасына қосылып, «Бесқарағайдың алтын шеңбері» зиярат ету турының шеңберіне кіреді деген үміттеміз.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығы мекемелерін, атап айтқанда, "Ертіс орманы" резерватын 2023-2025 жылдары материалдық-техникалық базамен және жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі жоба аясында Камаз базасында 3 бірлік өрт сөндіру автомашинасы және 1 бірлік жүктиегіш машинасы сатып алынды.
Күз мезгілі қарағай отырғызуға қолайлы, өйткені ылғалдылық жеткілікті.
Табиғи резерваттың 16 орманшылығының орманшылары күзгі орман отырғызуға кірісті. Табиғи резерват ормандары 1 900 000 дана жас қарағай көшеттерімен толығады.
Бұл орман екпелері алып жатқан орман қорының 419 гектарға жуық жерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Отырғызу механикаландырылған тәсілмен МТЗ-82 тракторларының базасында SN-1 маркалы ағаш отырғызу машиналарымен, резерваттың жеке тұқымбақтарында өсірілген 2 жылдық отырғызу материалымен жүзеге асырылады.
Ағаш отырғызуға 300-ге жуық жұмыскерлер қатысады.


27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күніне орай Ведомстволық комиссия шешімімен «Ертіс орманы» МОТР РМ мекемесінің эко ағарту маманы Рахметов Ермек Балтаевич Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық «Туристік қызмет саласындағы үлесі үшін» наградасымен ресми марапатталды.
Марапаттау рәсімі 2023 жылғы қыркүйектің 27-сі Алматы қ-сы, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтті.
Сонымен қатар, көпжылғы еңбегі мен жоғары кәсібилігі және Қазақстанның орман шаруашылығы саласындағы эко ағарту ісіне қосқан зор үлесі үшін Бүкіләлемдік туризм күніне орай Қазақстанның «Орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігінің Орталық кенесінің Құрмет грамоталарымен Абаилдинова Дамеш Баянжановна және Омарова Дариға Сүлейменқызы марапатталды.

Өте сирек кездесетін шектеулі эндемик түр.
Түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Биіктігі 45-60 см, тік бұта, қысқа ине тәрізді тікенектері болады.
Жапырақтары кері-жұмыртқа пішінді, саны 5-7. Гүлдері жалғыздан ақшыл-қызғылт.
Жемістері ірі диаметрі 15-17 мм-ге жетеді, шартәрізді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми сайтында хабарланғандай, ағымдағы жылдан бастап өткізу құны 345 теңге (ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде өткізу құны ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір жеке және заңды тұлғадан 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады).
Жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, ағаштар мен бұталардың бұзылуына және кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, жабайы өсетін орман ресурстарын, дәрілік шикізатты олардың өсімін молайтуға зиян келтірмейтін мерзімдерде және тәсілдермен жинауға міндетті.
⠀Орман заңнамасын бұзған адамдарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
⠀Рұқсат құжаттарынсыз ЕҚТА жерлеріне бару жеке тұлғалар үшін ескерту беруге немесе 5 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ҚР ормандарында – ЕҚТА да өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелер талаптарын бұзғаны үшін 367-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

«Ертіс орманы» МОТР РММ
ЕСКЕ САЛАДЫ
ОРМАНҒА ЖИНАЛДЫҢЫЗБА-ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ
ОРМАНҒА БАРАР АЛДЫНДА:
Туыстарына (достарына, таныстарына) аудан, маршрут және қайту уақыты туралы хабарлау.
Бағдарлаудың негізгі ережелерін, баратын орынның картасын зерттеу.
Көзге көріну үшін жарқын киініңіз. Аяқ киім ыңғайлы болуы керек.
Мүмкін болса, орманға жалғыз бармаңыз.
АДАСПАУ ҮШІН:
Жолдан шықпаңыз, жолды кесіпеңіз
Бағдарларды есте сақтаңыз (биік ағаш, ағын,соқпақтар,алаңдар)
ЖАҚЫНДАРҒА КЕҢЕС:
Егер адам орманнан шықпағаны белгілі болса, жедел қызметтерге дереу хабарласыңыз
ЕГЕР СІЗ АДАСЫП ҚАЛСАҢЫЗ:
Тынышталыңыз, үрейленбеңіз. Тек тынышталғаннан кейін Сіз дұрыс шешім қабылдайсыз.
Бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Дыбыстарды тыңдаңыз жолдың шуылына, иттердің үруіне және т. б.
Егер сізді іздейтініне нақты сенімді болсаңыз - орнында болыңыз.
Түнде шықпаңыз.
Қараңғы түсе бастағанда-ұйықтайтын орынды ұйымдастырыңыз.
Көлге, электр желісіне, батпақтардың шетіне, өзенге, шұңқырға, алаңға шығуға тырысыңыз. құтқарушылар ең алдымен сол жерден адасқан адамды іздейді.
ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ АЛЫҢЫЗ:
Компас
GPS навигаторы
Ұялы телефон
Медициналық минимум
Азық-түлік және су қоры
Пышақ
Ысқырық
Герметикалық қаптамадағы сіріңкелер