Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

40 ЖЫЛДЫҚ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің бірі орманшы мамандығын таңдаған Көкжал орманшылығының бас орманшысы Иван Какашұлы 40 жылдан астам уақыт табиғи резерватта қызмет етіп, құрметті еңбең демалысына шықты. 
Сағадиев Иван Какашұлы 1960 жылы 31 наурызда Алтай өлкесі Михайлов ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген.
Бурабай ауыл шаруашылығы техникумын «Орман шаруашылығы технигі» мамандығы бойынша бітірген.
Орман шаруашылығындағы еңбек жолын 1979 жыл бастап Көкжал орманшылығында орман шеберінен бастаған Иван Какашұлы, 1982 жылы Көкжал орманшылығының көмекшісі, 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бесқарағай филиалының Көкжал орманшылығының орманшысы болып жұмыс істейді.
Өз жұмыстарын абыроймен атқара жүріп, тәжірибелі маман ретінде білгендерімен кейінгі толқын жастармен бөлісіп, әркез үйретуден жалықпады.
Мұқият және сабырлы, ұстамды адам, сауатты басшы. 
Әріптестер мен қызметкерлер арасында сөзсіз беделге ие. 
Жақсы тәлімгер және сауатты ағаш өсіруші. 
Иван Какашұлы өмір жолында білім мен біліктілікті қос қанат етіп байлаған  ол адами биік болмысымен де, терең парасаттылығымен де кезкелген орманшыға үлгі.
  Оның басшылығымен орманшылық жыл қорытындысы бойынша бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Соңғы екі жыл қатарынан орманшылық филиал бойынша ең үздік орманшылық атанды.
Апат орын алып, орманшылық кеңсесі мен өрт сөндіру станциясы ғимараттары өртеніп кеткенде, Иван Какашұлының ұйымдастыруымен жаңа ғимарат бой көтеріп, ал қазір дәл сол ғимарат Бесқарағай филиалындағы ең әдемі орманшылықтардың бірі болып табылады.
2013 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен және 2017 жылы орман шаруашылығындағы көп жылғы адал еңбегі үшін медальмен марапатталды. 
Иван Какашұлына мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасына амандық тілейміз!
 

Құрметті оқырмандар, табиғат жанашырлары!

«Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясының басталғанын қуана хабарлаймыз.

Акцияның негізгі мақсаты- биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және ЕҚТА проблемаларына жалпы қоғамның назарын тарту үшін қажет, оларға табиғатты қорғаумен кәсіби айналысатын адамдардың тарапынан тәжірибелік көмек көрсету, отандастарымыздың санасында біздің табиғи және мәдени мақтанышымыз үшін мақтаныш сезімін ұялату, биоалуантүрлілікті сақтау мен Қазақстандағы ЕҚТА ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыру.

Халықтың табиғатқа деген оң көзқарасы, оны сақтауда ЕҚТА маңызды рөл атқарады.

Акция әрбір адамға өз елінің ұлттық табиғи байлығының бірегей бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ашуға және өзінің нақты іс-әрекеттерімен олардың сақталуы мен дамуына жеке үлес қосуға мүмкіндік береді.

Өйткені, табиғи Резерват-бұл Қазақстанның табиғи байлығының мақтанышы мен қазынасы және олар бүкіл қоғамның назары мен қолдауына сенуге құқылы.

Акция сәуір айының 1 жұлдұзынан шілде айының 1-не дейін жалғасады.

Акция барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары алдағы уақытта жүктелетін болады.

Акцияға белсене ат салысуыларыңызды сұраймыз!

Тағайындау

Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директордың 16.03.2023 жылғы бұйрығымен Ержан Қабдуллаұлы Ажболатов Бесқарағай филиалы директоры-мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.
Ержан Ажболатов 1973 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтады.
Орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі 10 жыл.
 «Ертіс орманы» табиғи резерватының ұжымы жұмысыңызға табыс тілейді!

Құрметті оқырмандар!

2023 жылы 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы басталады.
Акция барысында бір сағатқа шамдар мен тұрмыстық техника өшіріледі. Оның барысында әлемдегі ең әйгілі ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы сөнеді.
Акцияның мақсаты- табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
Барлықтарыңызды ақцияға қатысып, 60 минутқа жарықты сөндіруге шақырамыз!

Тағайындау

Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директордың 10.03.2023 жылғы №7 бұйрығымен басқарма аңшылықтанушысы Бауржан Санатқанұлы Бердагулов Шалдай филиалы директоры-мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.

Read more ...

Орманшы әйелдердің қажетті және асыл еңбегі

Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің қатарына орманшы мамандығы кіреді. Орманшының еңбегі оңай емес. Оған тек төзімді, сабырлы, табиғатты аялай алатын адамға ғана барады. Солардың қатарында «Ертіс орманы» табиғи резерваты Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспекторы-мемлекеттік иснпектор Күлпану Құрманғалиевада бар.

Күлпану Құрманғалиева 24 жыл орман шаруашылығында ерлермен қатар иық тіресе еңбек етіп келеді.

Орман шаруашылығына алғашқы қадамын 1986 жылы Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының өрт сөндіру станциясынан бастап, 2017 жылы Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспектор-мемлекеттік инспекторы болып ауысты. Жұмыс жасап жүріп Павлодар технологиялық колледжін «орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Күлпану Құрманғалиева осы орманшылыққа қарасты 1170 гектар аумақтың қауіпсіздігіне жауап береді.

Бас орманшы бекіткен кестеге сай, тәуліктің қай сағаты болмасын орманшылық аумағын аралап, қорғауға алынған территорияда табиғат қорғау заңнамасының бұзылмауын жіті бақылайды.

Орман қорғаудан басқа, орман зиянкестері мен ауруларының таралуына жол бермеу, белгілеп өлшеу, жаңа ормандарды отырғызу және әлсіз екпелерге күтім жасау міндеттерінің барлығы Күлпану Құрманғалиеваның мойнына жүктелген.

Күлпану Құрманғалиева орман шаруашлығындағы қызметін, отбасылық міндеттерімен сәтті үйлсетіруде.

Аңшылықтанушылар жабайы жануарлардың қысқы есебін жүргізуде.

Табиғи резерват аумағындағы жануарлар дүниесінің жай-күйінің сандық және сапалық өзгерістеріне бақылау жасау мақсатында табиғи резерват аңшылықтанушылары есепке алу жұмыстарын жүргізуде.
Жануарлар түрлерінің есебін жүргізу олардың резерват аумағы бойынша таралуы (мекендеу орындары мен алқаптары), олардың саны туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.

Read more ...

Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!
⠀
Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
⠀
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. ⠀
Сіздерге осы мереке күні зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілейміз!

Аңшылықтанушылары қосымша азықтандыру алаңдарына тексеру жүргізді

Табиғи резерват аңшылықтанушылары қосымша азықтандыру алаңдарына тексеру жүргізді. Кезекті тексеру кезінде қосымша азықтандыру алаңдары аумағында жабайы жануарлардың іздері және азықтар желінгенін көруге болады, бұл азықтандыру алаңдарының дұрыс жерде орналасқанының және жем-шөптердің сапасының жақсы екенінің көрсеткіші.

106184 кг бүршік өңделді

Сапалы отырғызу материалын алу мақсатында Шалдай және Бесқарағай филиалдарының мемлекеттік инспекторлары 106184 кг кәдімгі қарағай бүршіктерін жинады.
Бүршіктер тұқымның жоғары сапалы өнімділігімен стандартты температурада кептіру арқылы өңдеуге арналған кептіргіш шкафта өңделіп, 1061,82 кг тұқым алынды.
Бүгінгі таңда резерват бойынша 838,5 мөлшерінде қарапайым қарағай тұқымының қоры бар.
Алынған тұқымдар одан әрі 2 тұрақты орман тұқымбағында себіледі,бір тұқымбақ тамшылатып суару жүйесімен. (1 гектар аумақта жылдық өнімділік 1800,0 мың дана көшетті құрайды).
Тұқым себу мамыр айында жүзеге асырылады, 3-тен 4,5 гектарға дейін аумақта тұқым себіледі, тұқым сапасының класына байланысты тұқым шығыны 350-500 кг құрайды.

31 бет. Барлығы: 38

  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы