Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Ақтоғай ауданының мектептерінде ауқымды экологиялық акция өтті

"Ертіс орманы" резерватының мамандары Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарында қарағай тұқымын себу бойынша ауқымды экологиялық акцияны аяқтауда.

Акция аясында резерват қызметкерлері Ақтоғай ауылы М. Қайырбаев атындағы орта мектептің оқушыларымен бірге қарағай тұқымын екті. Іс-шараға 7-8 сынып оқушылары қатысып, 120 тұқым септі.

Бұл маңызды бастаманы Ақтоғай ауданының басқа мектептері де белсенді қолдады. Жалпы, оқушылар мен мұғалімдер тағы 1080 қарағай тұқымын себуді жоспарлап отыр. Бұл шара аймақты көгалдандыруға және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

 

Ормандағы асхана: елік вениктерден дәм татуда

Наурыз қарлы болып басталды, бұл дегеніміз жабайы жануарларға әлі де қосымша қорек қажет!

Бейнежазбада – елік, ол аңшылар дайындаған вениктерді ризашылықпен жеп жатыр.

Аңшылар жануарлардың популяциясын сақтау үшін вениктерді жазда дайындап, қысқы қорек ретінде арнайы орындарға қалдырады. Бұл еліктер мен басқа да тұяқты жануарларға қиын кезеңді жеңіл өткеруге көмектеседі.

Табиғатты қорғайық, оның тұрғындарын құрметтейік!

Өрт қауіпті кезеңге дайындық: Оқу-жаттығу өткізілді

Өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында орман өрт сөндіру станцияларының өрт сөндіру қызметкерлеріне арнайы оқыту мен практикалық жаттығу өткізілді.

Жаттығу барысында:
✅ Өрт кезінде жылдам әрекет ету әдістері;
✅ Арнайы техниканы пайдалану дағдылары;

Мұндай іс-шаралар ормандарымызды тілсіз жаудан қорғау, өрт сөндірушілердің кәсіби деңгейін арттыру және кез келген жағдайға дайын болу үшін маңызды!

Read more ...

Еңбекті қорғау – қауіпсіз жұмыстың кепілі!👷♀️🌿

Куликова Наталья Николаевна Шалдай филиалында 20 жылдан астам уақыт еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері болып қызмет етіп келеді. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы орманшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

Еңбекті қорғау – жай ғана талап емес, бұл адамдардың денсаулығы мен өміріне деген қамқорлық. Наталья Николаевна сияқты білікті мамандардың арқасында орман шаруашылығының қызметкерлері өздерінің басты міндеті – орманды қорғау мен көбейту жұмысын сенімді түрде атқара алады.

Сізге адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Денсаулық, амандық және кәсіби табыс тілейміз!

💐 Көктемнен күзге дейін – жасыл ормандардың болашағы үшін

Табиғатты аялау мен ормандарды сақтау – тек ер адамдардың ғана емес, әйелдердің де маңдай терін төгетін маңызды іс. Орман шаруашылығында өз ісіне шын берілген, табиғатты жан-тәнімен сүйетін әйелдер аз емес. Солардың қатарында – Елена мен Татьяна Косаревалар.

Ана мен қыз жыл бойы орман өсірумен айналысып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін еңбектері арқылы көрсетіп келеді.

Қыста Елена мен Татьяна қарағай бүрлерін өңдеумен айналысады, олардан қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын алады. Бұл – орманды қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Іріктелген сапалы тұқымдар көктемде орман тәлімбағына себіледі.

Көктем келгенде бұл еңбекқор жұп тәлімбақтағы жұмысқа кіріседі. Олар жас көшеттерге қамқорлық жасап, табиғатқа отырғызуға дайындайды. Шіліңгір ыстық та, нөсерлі жаңбыр да олардың жұмысына деген жауапкершілігіне кедергі бола алмайды.

"Орман өсіру – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін жұмыс. Әрбір егілген дәннің алып ағашқа айналғанын көру – біз үшін ең үлкен қуаныш", – дейді Татьяна.

Елена мен Татьяна – орман шаруашылығында аянбай еңбек етіп жүрген көптеген әйелдердің жарқын үлгісі. Өздерінің адал еңбегімен олар тек табиғатты қорғап қана қоймай, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлес қосуда.

✨ Жасыл әлем нәзік жандылардың қолында✨

«Орман шаруашылығында әйел адамға орын жоқ»деген пікірді жиі естиміз. Бірақ Гүлназира Қайыртасқызы Ноке бұл қате түсінікті өз еңбегімен жоққа шығарып келеді!

🌿 Орманшылар әулетінің өкілі Гүлназира Қайыртасқызы ата-анасының жолын жалғап, "Орман шаруашылығы" мамандығын таңдады. Бүгінде Жерді алаң орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып жүр.

📌 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман табиғатты аялауды өз өмірінің басты мақсаты деп біледі.

Еңбек жолы:
🔹 Бурабай ауыл шаруашылығы техникумының түлегі
🔹 2003 жылы орман шаруашылығына маусымдық жұмысшы ретінде келді
🔹 Кейін Завод орманшылығында от жағушы болып еңбек етті
🔹 2019 жылдан бері – орман шебері, мемлекеттік инспектор

💚 "Орман – адамға күш-қуат беретін қасиетті мекен. Оны қорғау – әр орманшының парызы", – дейді Гүлназира Қайыртасқызы.

🌱 Бүгінде Шошқалы ауылында 10-нан астам ғана аула қалса да, тұрғындар табиғатты аялауға барын салуда. Осындай еңбекқор жандардың арқасында жасыл ормандарымыз болашақ ұрпаққа аманат болып қалады!

✨ Зеленый мир в женских руках ✨

Орман қорғанысының сенімді байланысы

💐 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы: 21 жыл байланыс саласында

🌱 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы орман шаруашылығындағы еңбек жолын 2002 жылы Тайбағар орманшылығында радиобайланыс операторы болып бастады.
🌱 2004 жылы Орталық диспетчерлік қызметінің ашылуына байланысты сонда ауысып, содан бері осы салада табанды еңбек етіп келеді.

💐 Кәсібіне адал, өз ісіне аса жауапты маман ретінде ол орманды қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел басқару орталығының тиімді жұмыс істеуіне зор үлес қосуда. Қазіргі уақытта салаға жаңа технологиялар енгізілуде. Соның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі құрылып, табиғат қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілуде.

💐 Қымбат Апсатқызы – орман шаруашылығына жанашырлықпен қарайтын отбасының өкілі. Оның анасы да көп жылдар бойы осы салада қызмет етсе, әпкесі де орманды қорғау ісімен айналысады. Осындай отбасылық дәстүр мен үлкен тәжірибенің арқасында ол өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарып келеді.

🌱 Орман – халқымыздың байлығы, оны қорғау – баршаға ортақ міндет. Бұл жолда Тулеубаева Қымбат Апсатқызы сынды өз ісінің майталмандарының еңбегі зор.

Орманның нәзік қорғаушысы

8 наурыз – көктемнің жылулығын, аналардың мейірімін, еңбекқор арулардың қайсарлығын дәріптейтін ерекше күн! Осы мереке қарсаңында біз сіздерді орман шаруашылығының аруларымен таныстыруды жалғастырамыз.

✨ Бүгінгі кейіпкеріміз – Есумқанова Салтанат Зупаровна! ✨

🌱 Қызметі: Табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің инженері
🌱 Саладағы тәжірибесі: 10 жыл
🌱 Еңбек жолының бастауы: Шалдай филиалының заңгері
🌱 Отбасы: Орман шаруашылығының ардагерлері

Салтанат Зупаровна – табиғатты аялауды өмірлік ұстанымына айналдырған жан. Оның еңбегі – болашақ ұрпаққа жасыл орманды аманат етіп қалдыруға бағытталған. Қайсар мінезі мен жанашыр жүрегі оны нағыз орман жанашыры етеді!

Орман саласындағы нәзік жандылардың еңбегіне алғыс білдіре отырып, олардың табиғатты қорғаудағы қажырлы еңбегін жоғары бағалайық!

Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

Жыл сайын 3 наурызда әлем Дүниежүзілік жабайы табиғат күнін атап өтеді. Бұл күн – табиғаттың баға жетпес байлығын сақтаудың маңыздылығын еске салатын ерекше мүмкіндік.

Жабайы табиғат – экожүйенің ажырамас бөлігі, ал оны қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Ормандар, өзендер, жануарлар мен өсімдіктер – барлығы табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлшегі. Табиғатты қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа таза және бай әлем қалдыра аламыз!
Табиғатты аялау – өз өмірімізді аялау!

Read more ...

Қыспен қоштасу: Шаңғы марафоны

Туризм және экологиялық ағарту бөлімі қыспен қоштасу құрметіне шаңғы марафонын ұйымдастырды!

Қатысушылар қысқы табиғаттың әсемдігін тамашалап, өздерінің төзімділігі мен спорттық рухын көрсетті.

Бұл марафон – салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, табиғатты қорғаудың маңыздылығын ұғындыратын тамаша мүмкіндік. Қыс артта қалып, көктем жаңа жетістіктер мен игі бастамаларға жол ашсын!

Read more ...

6 бет. Барлығы: 38

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы