Жаңалықтар

🌱 Орманшы – бұл жай мамандық емес, табиғатқа жанашырлықпен қарайтын адамдардың таңдауы. Олар ормандарды қорғап, ағаштар өсіріп, болашақ ұрпаққа жасыл әлемді аманат етеді.
🔥 Орманшылар не істейді?
✅ Ормандарды заңсыз кесуден қорғайды.
✅ Орман өрттерінің алдын алады.
✅ Жаңа көшеттер отырғызып, оларды баптайды.
✅ Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтайды.
✅ Экологияны насихаттап, жастарды табиғатты аялауға үйретеді.
🌳 Орманшының әрбір күні табиғаттың көркемдігі мен күш-қуатын сезінумен өтеді. Бұл мамандық шыдамдылықты, білімді және табиғатқа деген махаббатты қажет етеді.
📣 Егер сен табиғатты жақсы көрсең және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуды армандасаң, орманшы мамандығы – сенің жолың!

Арбиген мектебі оқушылары «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Жасыл орман – Жас ұрпақ» шарасына белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында оқушылар табиғаттың маңыздылығы туралы мағлұмат алып, қарағай тұқымдарын отырғызуға қатысты.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәдениетке баулу, қоршаған ортаны аялауға үйрету және жасыл желектерді көбейту. Бұл іс-шара арқылы оқушылар табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсініп, қоршаған ортаны қорғау бойынша маңызды тәжірибе жинақтады.
Арбиген мектебі оқушыларының белсенділігі табиғатты аялау жолындағы игі бастамалардың жарқын үлгісі болды. Экологиялық акциялар әрі қарай да жалғасып, көптеген қатысушыларды біріктіруді көздейді.

🌱 Аңшылықтанушылар биотехниялық іс-шараларын жалғастырып, табиғатты қорғауға белсенді түрде үлес қосуда.
🐾 Азықтандыру алаңдарында жануарлардың іздері көп байқалады, бұл жануарлар санының өсіп, қоршаған ортаға бейімделіп жатқанын көрсетеді.
♻️ Күзет бақылауының арқасында жабайы табиғаттың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, экожүйе тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.
#ЖабайыТабиғат#Қорғау#Экология #Аңшылық #Биотехния#

Қуанышпен хабарлаймыз: экологиялық акция аясында егілген тұқымдар алғашқы өскіндерін бере бастады. Бұл жаңа жасыл ормандарды қалыптастыру мен экологиялық саналы ұрпақты тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам.
Осы іске үлес қосып, жүрегімен еңбек еткен барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Біз бірге туған жерімізді жасыл әрі таза етудеміз!
Көшеттеріміздің өсу барысын бақылауды жалғастырамыз және бұл кішкентай өскіндер болашақта алып ағаштарға айналарына сенеміз. 🌳

22 жыл бойы біздің резерват еліміздің асыл қазынасы – ормандарды қорғау мен көбейту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Табиғаттың тынысы саналатын ормандарымызды сақтау – ұрпақ алдындағы басты міндетіміз.
🔹 Осы жылдар ішінде мыңдаған гектар жасыл желек қорғалып, экологиялық бастамалар жүзеге асырылды. Бұл жетістіктер – әріптестеріміз бен еңбек ардагерлерінің тынымсыз еңбегінің жемісі.
Құрметті орман сақшылары мен ардагерлер, сіздердің еңбектеріңізді ерекше құрметтейміз! Әр ағаштың көлеңкесінде, әрбір жасыл желекте сіздердің қолтаңбаларыңыз жатыр.
Біз табиғатқа жанашырлықпен қарап, болашақ ұрпаққа жасыл әлемді аманат ету жолында біргеміз! 💚

Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары игі бастаманы қолдап, табиғатымыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Сейтен орманшылығының мемлекеттік инспекторларының жетекшілігімен 120 қарағай тұқымы себілді. 🌲 Бұл оқушылар үшін табиғатты аялаудың маңыздылығын ұғынуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға керемет мүмкіндік болды.
🌿 Кішкентай қадамдар үлкен өзгерістерге бастайды! Осындай әрекеттер арқылы біз жасыл болашаққа бірге үлес қосамыз. 🌍
🌱 Экологическая акция «Таза Қазақсатн» продолжается! 🌱

Шегірен жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары игі бастаманы қолдап, табиғатымыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Сейтен орманшылығының мемлекеттік инспекторларының жетекшілігімен 120 қарағай тұқымы себілді. 🌲 Бұл оқушылар үшін табиғатты аялаудың маңыздылығын ұғынуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға керемет мүмкіндік болды.
🌿 Кішкентай қадамдар үлкен өзгерістерге бастайды! Осындай әрекеттер арқылы біз жасыл болашаққа бірге үлес қосамыз. 🌍

Сыбайлас жемқорлық – әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатып отырған өзекті мәселе. Ол тек қана экономикалық дамуға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, демографиялық, және саяси тұрақтылыққа да теріс әсерін тигізеді.
Елімізде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі. Пара алу, беру және делдал болу – бәрі де қылмыстық әрекеттер болып табылады. Әрбір азамат осы күреске үлес қосып, әділдік пен тазалықты қолдауы керек.
Біз таза қоғамды бірге құруға шақырамыз!
#СыбайласЖемҚорлыққаЖолЖоқ #ТазаҚоғам #Әділдік #ЖемқорлыққаҚарсы
Шақа мектебінің оқушылары табиғатты қорғау жолында керемет бастама көрсетті! 🌍 Акция барысында 120 дана қарағай тұқымы отырғызылды. Ең ерекше сәт – әр оқушы өз атын жазып, ағаштарын белгілеп қойды. Осылайша, олар өздерінің кішкентай ормандарын қалыптастырды. 🌲✨
Болашақ ұрпаққа жасыл әлем қалдыру – әрқайсымыздың қолымызда!

Шалдай жалпы орта білім беру мектебінде ерекше экологиялық акция өтті! 🌍 Оқушылар мен ұстаздар бірігіп, 120 қарағай тұқымын отырғызды. Барлығы 60 адам қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Бұл шара табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырумен қатар, болашақ ұрпаққа жасыл орман қалдыру мақсатында ұйымдастырылды. 🌲💚