Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Таза Қазақстан

Жарияланды 22 Сәуір 2025

22 сәуір – Жер күні Торайғыров университет аумағында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті!

Резерват “Ертіс орманы” туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Қазақстанның жеті жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларымен бірге жеміс-жидек ағаштары (ірга, алма ағашы – 80 түп) және кәдімгі қарағай көшеттерін (100 түп) отырғызды.

Іс-шараға шамамен 100 адам қатысты.

Университеттер:

• Торайғыров университеті (Павлодар)

• Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

• Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

• С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

• Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

• М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

• Шәкәрім университеті

 Бүгінгі Жер күніне орай, қатысушылар қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

Көктем сайын ағаш отырғызу – игі дәстүрге айналсын!

Бірге – Жасыл Қазақстан үшін!

Су құстарын қорғау – ортақ міндет!

Жарияланды 22 Сәуір 2025

Су құстарының көктемгі миграциясы кезінде оларды бақылау және заңсыз аң аулауға (браконьерлікке) жол бермеу мақсатында арнайы күзет шаралары белсенді түрде жалғасуда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасына сәйкес, мамандар су айдындарын үнемі бақылауда ұстап, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуде.

Су құстары – табиғаттың ажырамас бөлігі. Оларды сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Браконьерлікке – тосқауыл!

Ертіс орманы: Табиғат тыныштығын бірге қорғайық!

Жарияланды 22 Сәуір 2025

Көктемгі аңшылық маусымы басталды. Ал “Ертіс орманы” табиғи резерваты – аң аулауға мүлде тыйым салынған ерекше қорғалатын аумақ!

Көктем – табиғаттың оянып, жануарлар дүниесінің ұрпақ өрбітіп, тіршілігі жандана түсетін мезгілі. Осындай сәтте су құстарының тыныштығын бұзу, заңсыз аңшылықпен айналысу – табиғатқа жасалған ауыр қиянат.

Осыған байланысты “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары мен Шарбақты ауданының полиция бөлімі бірлесіп, су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Бұл шаралар табиғатты қорғау, су құстарының санын сақтап қалу және браконьерлік әрекеттерге жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған.

Естеріңізге саламыз:
“Ертіс орманы” – Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ерекше табиғи аймақ. Мұнда аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған. Заң бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егер сіз заңсыз аңшылықты байқасаңыз:
— бірден 102 нөміріне хабарласыңыз;
— немесе +77056019680 орман күзетіне дер кезінде ақпарат беріңіз.

Табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы.
Су құстары – тек табиғаттың емес, біздің де байлығымыз. Оларды бірге қорғайық!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Жарияланды 22 Сәуір 2025

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерватының бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметовтың төрағалығымен және әдеп жөніндегі уәкіл М.З. Есумқановтың қатысуымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Жиналыс барысында әдеп нормаларды сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және ұжымда моральдық-этикалық ахуалды нығайту тақырыптары қозғалды.

“Таза Қазақстан” – табиғатқа жанашырлықтан басталады!

Жарияланды 15 Сәуір 2025

Ертіс орманы резерваты аумағында экологиялық акция аясында 2000 дана жеміс-жидек бұтасын отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 Бастама Белгібай орманшылығынан басталып, жалғасын Шалдай орман өрт сөндіру станциясында тапты. Мұнда 50 дана қараөрік (черемуха) талдары отырғызылды.

 Бұл тек көгалдандыру емес – бұл болашаққа салынған инвестиция. Жеміс-жидек ағаштары экожүйені қалпына келтіріп, табиғи өніммен қамтамасыз етумен қатар, адам мен табиғат арасындағы байланысты нығайтады.

 Табиғатты аялау – өзімізді аялау.

Бір тал ек – бір үміт ек!

«Ертіс орманы» жаңа техникамен толықты!

Жарияланды 15 Сәуір 2025

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Ертіс орманы» орман табиғи резерваты лизинг арқылы заманауи өрт сөндіру жабдықтарымен толық жарақталған арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.

Автопаркіміз 34 бірлік шағын өрт сөндіру кешендері және 15 трактормен толықты. Бұл техникалар орман өрттерінің алдын алу, патрульдік бақылау, мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2025 жылы қосымша 34 бірлік АЦ-3 маркалы өрт сөндіру машиналарын сатып алу жоспарланған.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдау – орманды қорғау ісінің маңызды мемлекеттік басымдықтардың біріне айналғанының айқын дәлелі.

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда!

Жарияланды 15 Сәуір 2025

«Ертіс орманы» резерватының барлық орманшылықтарында ауқымды экологиялық акция бастау алды.

Алғашқы көшеттер Белгібай орманшылығында отырғызылды — 150 түп алтын қарақат (алтын смородина) бұтасы егілді!

Мақсат — тек көгалдандыру мен экожүйені жақсарту ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін табиғи жидекке қолжетімді көз қалыптастыру.

Бұл жоба әлеуметтік маңызға да ие: болашақта тұрғындар жидекті еркін теріп, өз қажетіне пайдалана алады. Бұл табиғатқа деген сүйіспеншілікті, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады.

Алда — резерваты аумағында 2000-нан астам жемісті және жидекті бұталар отырғызылады!

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жарияланды 15 Сәуір 2025

Құрметті тұрғындар!

Азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі. Қабылдау барысында:

✅ Жұмысқа орналасу
✅ Әлеуметтік мәселелер
✅ Орман шаруашылығына қатысты сұрақтар
✅ Басқа да маңызды тақырыптар қарастырылады.

Әрбір өтінішке жан-жақты назар аударылып, қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданады.

Біз ашық диалогқа дайынбыз!
Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды.

📌 ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ:
— Сейсенбі
— Жұма
⏰ Уақыты: 15:00–17:00

📝 Алдын ала жазылу міндетті!
📲 Байланыс:
8 (718) 36 3 22 52
8 (777) 545 09 45

Жасыл Қазақстан — ортақ мақсатымыз!

Жарияланды 15 Сәуір 2025
Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді жаппай көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарланған.
Осы игі бастамаға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты өз үлесін қосуда.
 
Біз жыл сайын 12 миллионнан астам кәдімгі қарағай көшетін отырғызамыз. Биылғы жылы да бұл жұмыс қарқынды жалғасуда!
 
Қазіргі уақытта резерват аумағында маңызды агротехникалық кезең – отырғызу материалын дайындалған жер телімдеріне көшіру жүргізілуде.
Екі жылдық көшеттерді қазып алу — орманды қалпына келтіру шараларының ең жауапты сәттерінің бірі.
 
Отырғызу жұмыстары барлық талаптарға сай орындалуда:
 
• Көшеттер берік тамыр жүйесімен, сапасына қарай іріктеледі;
• Жазық учаскелерде механикаландырылған әдіс қолданылады — бұл еңбек өнімділігін арттырады;
• Техниканың кіруі қиын жерлерде қолмен отырғызылады — тамырлар тік орналасып, топырақ мықтап тығыздалады.
 
Қазақ орман орналастыру кәсіпорынының жобасына сәйкес, «Ертіс орманы» резерватында ағаш отырғызу көлемі 2114,5 гектарды құрауы тиіс еді.
Алайда 2024 жылы бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бұл көлем 2500 гектарға дейін ұлғайтылды.
 
Осылайша, биылғы жылы резерват аумағында 12 миллионнан астам көшет отырғызылады!
 
Бұл — елімізді көгалдандыруға қосылған үлкен үлес!

e4c5138f-7687-4c32-aad1-002c6544a26e.JPGIMG_8775.jpg

Сұңқылдақ аққулар — көктемнің жаршысы

Жарияланды 15 Сәуір 2025

Көктеммен бірге резерват аумағына сұңқылдақ аққулар келіп қонды. Ақ қанаттарын жайып, көл бетінде қалықтаған бұл көркем құстар табиғаттың оянуын паш етеді.

Біз көктемгі құстардың оралуына бақылау жұмыстарын жалғастырудамыз. Әрбір келіп қонған қанатты қонақ — экожүйенің тепе-теңдігін көрсететін ерекше белгі.

Құстар — табиғаттың нәзік әуені. Оларды қорғау — ортақ парызымыз.

d3035a6c-2c22-4ece-bec7-07ce0cda74ba.JPG

40 бет. Барлығы: 77

  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40
  • 41
  • 42
  • 43
  • 44


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы