Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Аумақты патрульдеу – аңшылықтанушылардың басты міндеттері!

Патрульдеу кезінде жануарлар дүниесіне қауіп төндіретін браконьерлік, заңсыз аң аулау және басқа да бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Тұрақты патрульдеу жануарлар популяциясының күйін бақылауға және жануарлар арасында аурулардың пайда болуы немесе популяция санының өзгеруі сияқты экожүйедегі кез келген өзгерістерді анықтауға көмектеседі.

Патрульдеу кезінде инспекторлар азықтандыру алаңдарын, тұз жалақтардың және жабайы жануарлар үшін маңызды басқа да заттардың сақталуын тексереді, қажет болған жағдайда оларды қалпына келтіреді.
_________

Read more ...

Болашақ орманшылар ағаш отырғызды

Бүгін Торайғыров Университетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» тобының студенттері күзгі орман қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.
Бұл іс-шара Универстетпен резерват арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылуда.

Орман тұқымбағынан көшеттерді қазып, Бесқарағай филмалы Тайбағар орманшылығына апарып отырғызды.

Болашақ орманшылардың ағаш отырғызуы – табиғатқа қамқорлық көрсетудің, экологияны жақсартуға қосқан үлесінің жарқын көрінісі.

Әрбір отырғызылған ағаш болашақта таза ауа, жасыл желек және табиғат тепе-теңдігін сақтауға өз үлесін қосады.
Сонымен қатар, бұл бастама тек экологияға ғана емес, болашақ орманшылардың өзіне де пайдалы. Олар тәжірибе жинап, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын сезінеді.

Мұндай шаралар экологиялық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жеке қабылдау

Орман табиғи резерваты бас директорының м.а. Қ.Қ. Әметов жұмыс жоспарына сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға ауыл тұрғындары отындық және кеспе ағаштарды босату мәселесі бойынша жүгінді.
Қабылдау барысында барлық азаматтарға түсініктемелер берілді.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Заңгер Есұмқанов М.З. орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ұжыммен семинар-кеңес өткізді.

Негізгі назар этика нормаларын сақтау, процестердің ашықтығын арттыру және резерват қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығына аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және орман шаруашылығы қызметінің қоғамдағы сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Құрметті Қазақстандықтар Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Қазақстандықтар Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанымыздың әрбір күні құт-берекеге толы болсын, халқымыздың ынтымағы артып, елдігіміз мәңгі жасасын.
Баршаңызға бейбіт өмір, бақ-береке, табыстар тілейміз!

Табиғи резерват орманшылықтарында күзгі орман отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Күз мезгілі қарағай отырғызуға қолайлы, өйткені ылғалдылық жеткілікті.
Табиғи резерваттың 16 орманшылығының орманшылары күзгі орман отырғызуға кірісті. Табиғи резерват ормандары 7 500 000 данадан астам жас қарағай көшеттерімен толығады.
Бұл орман екпелері алып жатқан орман қорының 1731 гектар жерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Отырғызу механикаландырылған тәсілмен МТЗ-82 тракторларының базасында SN-1 маркалы ағаш отырғызу машиналарымен, резерваттың жеке тұқымбақтарында өсірілген 2 жылдық отырғызу материалымен жүзеге асырлуда.
Ағаш отырғызуға 400-ге жуық жұмыскерлер және 93 орман отырғызу машинасы жұмылдырылды.

Семей орманы

Ағымдағы жылдың күз мезгілінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келісімі бойынша резерват теңгеріміне "Семей орманы" МОТР РММ Канонер филиалының орман тұқымы кешенінен 420 000 дана мөлшерінде жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағай көшеттері тегін берілді. Қазіргі уақытта отырғызу Шалдай және Бесқарағай филиалдарының 4 орманшылығының аумағында ммеханикаландырылған тәсілмен 3,5 м*0,8 м схема бойынша жүргізілуде.

#Менорманшымын

🌱 Орман шаруашылығы қызметкерлері күні кәсіби мерекесі қарсаңында #Менорманшымын мерекелік апталығын ашамыз.

🌱 В преддверии профессионального праздника Дня работников Лесного хозяйства открываем праздничную неделю #Менорманшымын

🔹 Аманов Марат Сабитқанұлы орман шаруашылығы саласында 17 жыл!

Read more ...

Табиғатқа қамқорлық мектеп қабырғасынан басталады

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Шалдай ауылының мектеп оқушылары мен орманшылар мектеп ауласында ағаш отырғызды.
Акция аясында жалпы 50 түп кәдімгі қарағай көшеті отырғызылды.
Акцияның мақсаты ағаштарды отырғызу ғана емес, сонымен қатар балаларға қоршаған ортаны, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсету.
Болашақта бұл қарағайлар мектептің көркіне айнала отырып аумағымыздың экологиялық мәселелірін шешуге де септігін тигізеді деген ойдамыз.

Read more ...

Табиғи резерват ормандарында өрт қауіпті жағдай сақталуда!

Орман өрттері – бұл әдетте кең аумақтарды қамтитын табиғи апат.
Бұл ретте жануарлар зардап шегеді және өледі, баға жетпес «жасыл байлық» жойылады, бай орман фаунасына орны толмас зиян келтіріледі – бұл орман өртінің өкінішті, қайғылы нәтижесі.
Көп жағдайда орман өрттерінің себебі – орманға құнтты қожайын ретінде емес, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейтін немқұрайлы адам болып келетіндердің бейқамдығы.
Сондықтан өрт қауіпті маусымда орман өрттерін болдырмау мақсатында тыйым салынады:
• орманда ағаштардың астында от жағуға;
• орманда жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын лақытруға;
• орманда майланған немесе бензин сіңген заттар және шыны заттарды қалдыру.
Өрттің басталғанын байқасаңыз, оны сөндіруге шаралар қабылдаңыз. Сөндірудің ең қарапайым және қол жетімді әдісі - өрттің жиегіндегі жалынды жасыл бұтақтармен жабу, сумен толтыру, дымқыл топырақ шашу, аяқпен таптау.
Егер Сізде оны өз бетіңізше ауыздықтай алмасаңыз:
- өрттің орны, ауқымы мен сипаты туралы резерваттың орман күзетіне (87182)78-77-32, 87056019680 немесе ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметіне 112 қысқа нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Қырағы және мұқият болыңыз!



42 бет. Барлығы: 64

  • 37
  • 38
  • 39
  • 40
  • 41
  • 42
  • 43
  • 44
  • 45
  • 46


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы