Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ – ТАБИҒАТ ПЕН БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС!

Еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында (ЕҚТА) жануарларды заңсыз аулау үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Әрбір браконьерлік оқиға табиғи тепе-теңдікті бұзып, экожүйеге орны толмас зиян келтіреді.

Заңсыз ауланған әр жануар үшін залал құны:

Елік – 2 949 000 тг (750 АЕК)

Бұлан – 5 898 000 тг (150 АЕК)

Орман сусары – 2 359 200 тг (60 АЕК)

Сілеусін – 235 920 тг (60 АЕК)

Борсық – 117 960 тг (30 АЕК)

Тиін – 58 980 тг (15 АЕК)

Түлкі– 58 980 тг (15 АЕК)

Қоян – 58 980 тг (15 АЕК)

Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулау – ауыр қылмыс!

Жұмыртқалар мен эмбриондарды заңсыз алу – ересек жануар үшін белгіленген айыппұлдың 50%-ы

Маңызды!

Жануарларды іздеу, аңду және қудалау, сондай-ақ резерват аумағында қару-жарақпен немесе аңшылыққа арналған құстармен жүру заң бойынша аңшылыққа теңестіріледі. Бұл әрекеттер үшін де айыппұл салынады және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

 

ТӘУЕКЕЛГЕ БАРМАҢЫЗ!Табиғатты қорғау – біздің ортақ міндетіміз!

 

Егер сіз заңсыз аңшылық фактісіне куә болсаңыз, тиісті органдарға хабарлаңыз. Табиғатты бірге қорғайық!

«Жер-біздің ортақ үйіміз» сурет байқауы

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Халықаралық «Парктер шеруі-2025»табиғатты қорғау акциясы аясында мектеп оқушылары арасында сурет байқауы өтеді!
📌 Қатысушылар:
👧🧒 1-6 сынып оқушылары:
✅ 1-3 сыныптар (кіші топ)
✅ 4-6 сыныптар (жоғары топ)

📌 Байқау тақырыптары:
🌱 «Жер – біздің ортақ үйіміз» (планетамыздың сұлулығы мен бірегейлігі)
🌿 «Табиғатты қорғасаң – болашағыңды қорғайсың»(экологиялық мәселелер)
🇰🇿 «Таза Қазақстан» (туған жердің табиғаты)
🚮 «Қоқыссыз әлем»(қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, таза планета)
🤝 «Адам және табиғат»(қоршаған ортамен өзара байланыс)

📌 Суреттерге қойылатын талаптар:
🎨 Кез келген дәстүрлі бейнелеу техникасында орындалуы мүмкін (гуашь, акварель, қарындаш, пастель және т.б.)
📏 Форматы: А3 немесе А4
📝 Артқы жағында міндетті түрде жазылуы керек:
- Қатысушының аты-жөні
- Жасы, сыныбы
- Жұмыс атауы
- Мектеп атауы
- Байланыс нөмірі

📅 Өткізу мерзімі:
🖌 Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 28 наурыз – 8 сәуір аралығы
📍 Мекенжай: Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 50, «Ертіс орманы» резерватының туризм және экологиялық ағарту бөлімі
🏆 Қорытынды шығару: 2025 жылғы 14 сәуір
🖼 Көрме және марапаттау: 2025 жылдың маусым айында «Парктер шеруі» акциясының жабылуында

🏅 Жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталады! Үздік жұмыстар көрмеге қойылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады.

📞 Қосымша ақпарат: WhatsApp 87713943273, туризм және экологиялық ағарту бөлімі.

🌍💚 Табиғатты бірге қорғайық! Шығармашылық туындыларыңызды асыға күтеміз! 💚🌍

️Өрт қауіпті кезеңге дайындық: радиобайланыс операторларына оқыту өткізілді

Көктем-жаз айларында орман өрттерінің қаупі арта түсетіні белгілі. Осыған байланысты Шалдай филиалында өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындықтың маңызды бөлігі – орман қорғау қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Осы орайда, филиалдың радиобайланыс операторларына арнайы оқыту ұйымдастырылды.

Оқыту барысында:
✅ Техника қауіпсіздігі – қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін негізгі ережелер түсіндірілді.
✅ Қызметтік міндеттер – операторлардың жұмыс барысындағы негізгі жауапкершіліктері, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету тәртібі қарастырылды.
✅ Рация арқылы байланыс жүргізу – радиобайланыс құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс хабарлама беру және қабылдау ережелері үйретілді.

Радиобайланыс – орман қорғау қызметінде ерекше маңызға ие. Ол өрттің алдын алу және жедел сөндіру кезінде қызметкерлердің жылдам әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан осындай оқыту шаралары орман шаруашылығы саласында аса қажет.

Орман – халқымыздың байлығы. Оны қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!

Read more ...

1000 құс ұясы – табиғатқа қамқорлықтың символы!

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында және “Құстар күні” мерекесіне орай резерват аумағында маңызды әрі шабыттандыратын іс-шара өтті. Жерді Алаң орманшылығының қызметкерлері “Жеңіс саябағында” құс ұясын орнатты.

Бұл бастама табиғатты қорғау, құстарға қолайлы жағдай жасау және жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылды. Орнатылған құс ұялары табиғатқа деген қамқорлықтың ғана емес, жергілікті фаунаға қолдау көрсетудің де белгісі болып табылады, өйткені олар құстарға қауіпсіз ұя салуға мүмкіндік береді.

Әрбір ілінген құс ұясы табиғаттың тепе-теңдігін сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады және азаматтарымызды қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Құстарымыздың сайраған үні, көктемнің жаршысы, әрқашан құлағымызда жаңғырып, жүрегімізді қуаныш пен үйлесімге толтырсын!

Read more ...

Парктер шеруі – 2025: Халықаралық Zoom-конференция ФБУ «Авиалесоохрана» (Мәскеу қ.) авиациялық оқу орталығымен

«Парктер шеруі – 2025» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында туризм және экологиялық ағарту бөлімі Шалдай жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушылары үшін халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды. Спикер ретінде авиациялық оқу орталығы басшысының орынбасары Ковалев Николай Алексеевич сөз сөйледі.

Кездесу барысында оқушылар:
✅ Ормандардың өрттен қалай қорғалатынын
✅ Орман өрттерінің қандай түрлері бар екенін
✅ Оларды сөндірудің заманауи әдістерін білді.

Әсіресе, десантшылардың жұмысы туралы презентация ерекше қызығушылық тудырды. Ол олардың батылдығы мен кәсібилігін айқын көрсетті!

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Шуртаков Виталий Вадимович пен Усачев Андрей Геннадьевич үлкен үлес қосты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық ой-өрісін өзгертіп, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Табиғатты бірлесе қорғау – шекара білмейді

 

Киіз үй пішініндегі құс ұясы – ерекше сыйлық!

”Парктер шеруі – 2025” экологиялық акциясы аясында Шақа жалпы орта білім беру мектебінің мектеп орманшылығы ерекше бастама көтерді! Оқушылар Наурыз мейрамына орай құстарға киіз үй пішінінде ұя жасап, табиғатқа қамқорлық танытты.

🔹 Бұл ерекше ұя құстарға жайлы мекен болып қана қоймай, қазақ халқының ұлттық мәдениетін дәріптеуге де үлес қосады.
🔹 Табиғатты аялау – болашаққа деген жауапкершілік!

🌍 Құстарды қорғау қорғау – ортақ міндетіміз!

Read more ...

Құстарға қамқорлық – табиғатты қорғаудың белгісі!

Бесқарағай орманшылығының инспекторлары, Бас орманшы Қасымов Бақустар Даулетханович және инспекторлар ”Жас орманшы” мектеп орманшылығы мүшелерімен бірге Құстар күніне орай құстарға арналған ерекше ұялар жасап, орнатты.

Инспекторлардың шығармашылық идеялары таңқаларлық! Әрбір ұя – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің айғағы. Бұл бастама құстарға қамқорлық танытып қана қоймай, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тамаша үлгісі болды.

Read more ...

Таза Қазақстан акциясы аясында құстарға қамқорлық

Құстар күні қарсаңында табиғатқа жанашыр азаматтар игі істер атқаруда. Ұлттық өнерді ұлықтаған ұлағатты ұстаз, ағаш шебері Мусаев Болатхан Оразғалиұлы өз қолымен жасалған құстарға арналған ұяларды сыйға тартты. Бұл ізгі іс табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың белгісі.
Болатхан Оразғалиұлы – ағаш ұстасы ретінде көпшіліктің құрметіне бөленген жан. Оның жасаған туындылары тек әдемі ғана емес, экологиялық маңызға ие. Құстарға арналған ұялар – олардың көктемгі ұя салуына, өсіп-өнуіне үлкен көмек.
Осындай игі бастамалар табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтауға септігін тигізеді. Баршаңызды табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға шақырамыз!

 

Read more ...

🌿”Ертіс орманы” резерваты аумағында “Парктер шеруі– 2025” ауқымды экологиялық акция басталды!🌿

📢 2025 жылғы 20 наурызда “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының аумағында “Парктер шеруі-2025” ауқымды экологиялық акция бастау алды!

🌍💚 Акцияның мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру.

🌱 Ашылу рәсімі экологиялық марафон форматында өтті, ол кезең-кезеңімен әртүрлі мектептерде ұйымдастырылып, жаңа қатысушыларды тарта отырып, табиғатқа жанашырлық танытатын тізбек құру.

💡 Акция аясында қатысушыларды экологиялық ойлауды қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған қызықты іс-шаралар күтеді.

🌿 Жасыл болашаққа бірге қадам басайық! Акцияға қосылыңыздар және экологиялық қозғалыстың бір бөлшегі болыңыздар! 💚

 

Read more ...

Құрметті қазақстандықтар!

22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді!

Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам жарықты және электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.

Сіздерді «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырамыз!
Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз — себебі табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады.

#ЖерСағаты2025#EarthHour#ТазаҚазақстан #ТабиғатпенҮндестіктеӨмірСүр

4 бет. Барлығы: 38

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы