Жаңалықтар
23 қыркүйекте Туризм күнін мерекелеу аясында туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Ботабас орманшылығының қызметкерлерімен, жүргізушілермен және қонақ үйдің меңгерушісімен бірлесіп, аумақты көгалдандыру бойынша экологиялық акция өткізді.
🌱 Акция барысында 30 шырғанақ көшеті отырғызылды. Отырғызу материалын Бауртал орманшылығының өкілдері ұсынды.
Осындай экологиялық акциялар — біздің жұмысымыздың маңызды әрі қажетті бөлігі. Өйткені табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздан басталады. Айналамызда жасыл желек, бақтар мен гүлге бөленген көрікті мекендер көп болсын! 🌳💚
Бүгін сұлулықты жасаймыз — болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтаймыз!
Құрметті тұрғындар! «Ертіс орманы» МОТР РММ орманшылықтарының жоғарғы қоймаларынан отындық ағашты сатып алу және босату тәртібі туралы хабарлаймыз.
Отындық ағаш сатып алу үшін жеке және заңды тұлғалар тиісті филиал директорының атына өтініш беруі қажет. Өтініш келісілгеннен кейін төлем шоты беріледі. Шоттың жарамдылық мерзімі – 1 күн.
Қаражат Резерваттың шотына түскеннен және төлем расталғаннан кейін босатылатын орман өнімінің атауы, көлемі және алу мерзімі көрсетілген тиісті құжаттар рәсімделеді.
🪵 2026 жылға арналған орман өнімдерін босату бағаларының бекітілген прейскурантына сәйкес отындық ағаштың құны – 4 000 теңге.
Отындық ағаш жоғарғы қоймадан жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін босатылады. Демалыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Резерват қызметкерлеріне Резерват аумағынан тыс жерге алып шығу құқығынсыз босатылады.
Босатуға және тасымалдауға жататын орман өнімдері міндетті түрде таңбаланады. Орман өнімдерін тасымалдау тиісті құжаттар болған жағдайда және белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
❗ Төленген орман өнімдерін құжаттарда көрсетілген мерзімде уақытылы алып кетулеріңізді сұраймыз.
🌲 Орманды сақтап, белгіленген тәртіпті сақтайық!
#ЕртісОрманы #ОтындықАғаш #ОрманӨнімдері #ОрманШаруашылығы

Бүгін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аңшылықтанушылардың қысқы маусымға дайындық мәселелері бойынша жұмыс жиналысы өтті.
Жиынға Шалдай және Бесқарағай филиалдарының аңшылықтанушылары қатысты.
Жиналыс барысында аңшылықтанушылардың негізгі міндеттері, өздеріне бекітілген орманшылықтардағы биотехникалық жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау, қысқы кезеңге дайындық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар:
🔹 күзгі құстар санағын ұйымдастыру және жүргізу;
🔹 аңшылық маусымы кезінде қырағылық таныту және табиғи аумақтарды қорғау;
🔹 жануарлар дүниесін бақылау;
🔹 алдағы қысқы санаққа дайындық жұмыстары қаралды.
Жиынның негізгі мақсаты – аңшылық шаруашылығын жүргізу, жануарлар дүниесін қорғау және қысқы кезеңде есепке алу жұмыстарын жүйелі әрі сапалы ұйымдастыру.
🌿 Табиғатты қорғау – ортақ міндет!
«Ертіс орманы» МОТР РММ Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Арман Жүнісов «Халық радиосының» эфирінде «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында резерват аумағында кездесетін сирек кездесетін өсімдік түрлері, оларды зерттеу және мониторинг жүргізу жұмыстары туралы айтып, өсімдіктер дүниесі мен биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
🌿 Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және оларға ұқыпты қарау — табиғи мұрамызды болашақ ұрпаққа сақтап жеткізудің маңызды бөлігі.
#ЕртісОрманы #ХалықРадиосы #ҚызылКітап #СирекӨсімдіктер
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбағын салуды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысының отырғызу материалын өсіру тәжірибесін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбағын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Жобаның мақсаты – Павлодар облысындағы ормандарды молықтыру және қалпына келтіру үшін сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өсіру көлемін арттыру.
Орындалған жұмыстарды қаржыландыру және ақы төлеу құрылыс аяқталғаннан кейін, объект пайдалануға беріліп, белгіленген тәртіппен тапсырылған соң «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (ӨДҚ) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбағын салу жұмыстарын орындауға мүдделі ұйымдарды қатысуға шақырамыз.
Мәселелер бойынша хабарласуға болады:
+7 705 639 9447 – Нұрланов Медет Нұрланұлы, бас директордың м.а.;
+7 776 812 3533 – Ташимов Мұрат Қапанұлы, ТКМжТП бөлімінің басшысы.
Жұмыс телефондары: 8 (71836) 32-2-52, 8 7182 78-77-30.
Коммерциялық ұсыныстарды келесі электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз:
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында жүргізіліп жатқан биоалуантүрлілікті зерттеу және мониторинг жұмыстары барысында сүйіртұмсық көлбақа (Rana arvalis) тіркелді.
Бұл — Қазақстанның орманды және орманды-дала аймақтарында кездесетін қосмекенділердің бірі. Сүйіртұмсық көлбақасы көбіне ылғалды шалғындарда, су айдындарының маңында, орман шеттерінде және батпақты жерлерге жақын аумақтарда мекендейді.
Резерват аумағында жануарлар дүниесін тұрақты бақылау барысында әртүрлі омыртқалы жануарлардың түрлік құрамын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Осындай бақылаулар табиғи экожүйелердің жағдайын бағалауға және биоалуантүрлілікті толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Әрбір жаңа тіркелген түр — резерват табиғатының қаншалықты алуан түрлі екенін көрсететін маңызды дерек.
Орысшасы остромордая лягушка (Rana arvalis)