Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Жоспар

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізген «ЕҚТА-да ғылыми қызмет жүргізу» бойынша жиналыста ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары "Ертіс орманы" МОТР РММ ғылыми қызметі бойынша есеп берді және мәселелік сұрақтар көтерілді.

Read more ...

Иван Иванович өмірінің 40 жылдан астам уақытын радиобайланысқа арнады

Иван Иванович Калинин Алтай өлкесінде дүниеге келген. 1978 жылы Шақа орта мектебін бітірген соң, Бесқарағай мехорман шаруашылығына радиооператор болып жұмысқа орналасады. 1979-1981 жылдары-Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. 1981 жылдың қарашасынан бастап Чалдай мехорман шаруашылығына байланыс инженері болып қабылданады. 2000 жылдың сәуірінен 2003 жылдың сәуіріне дейін Шалдай орманшылығында орманшы қызметін атқарды. Иван Иванович 2003 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ертіс орманы" МОТР РММ басқармасының радиобайланыс инженері болып жұмыс істейді. Оның өмірбаяны шағын, бірақ "Ертіс орманының" дамуына қосқан үлесі орасан зор. Резерваттағы барлық радиобайланыс осы адамның арқасында жұмыс істейді. Ол қарапайым адам. Ұжымда сыйлы.

Read more ...

Кеңес

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні табиғи резерват ғимаратында резерваттың бас директоры Арман Досымханұлы, Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Руслан Мәлікұлы және орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Болатұлы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Мекемелердегі сыбайлас жемқорлық жағдайларын талдау." тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа табиғи резерваттың инженерлік құрамы, мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Read more ...

2022 жылғы 3-4 қарашада Өскемен қаласында басқарма жоспарын жасау бойынша өңірлік оқыту семинары өтті

Семинарды БҰҰДБ мамандары Т.С.Кертешевтің жетекшілігімен өткізді.
Басқарудың жаңа жоспары бюджеттік өтінім беру кезінде маңызды құрал болады.
БЖ-ның маңызды бөлігі-мекемеге қойылған міндеттерді анықтау және шешу әдістері, проблемалық мәселелерге шығармашылық көзқарас.

Read more ...

Табиғи резерваттың Шалдай және Бесқарағай филаиалдарының аңшылықтанушылары қысқы маусымға дайындықтарын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта аңышылқатанушылар бұғы – бұлан, елік тұқымдасына 2000 дана көктерек, қайың, жусаннан азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындады. Бұл азықтар резерват аумағында мекендейтін жануарлардың қыстан шығуына және аймақта санының өсуіне орасан зор септігін тигізбек.

Read more ...

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің

25.10.2022 ж. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының өкілдері "Ертіс орманы" табиғи резерватының басшылығын, сондай-ақ туризм және экологиялық ағарту бөлімін Республика Күнімен және "Орман шаруашылығы қызметкерлерінің" кәсіби мерекесімен құттықтау мақсатында келді.

Read more ...

Сыйлық

2022 жылғы 25 қазан күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директоры Арман Досымханұлы Бектеміров «Бейнелеу өнерін дамытып насихаттау аясында жүзеге асырылған ауқымды іс-шараларды ұйымтасыруда ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені» үшін Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарамасының алғыс хатымен марапатталды.

 

Read more ...

Түгендеу

Табиғи резерваттың бас директорының 19 қыркүйектегі №4-06/277 «Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу» туралы бұйрығын орындау мақсатында, Бесқарағай филиалында арнайы құрылған коммисия жоспарлы күзгі негізгі құралдар мен ТМҚ-ға түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Құрметті әріптестер!Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз үшін, ормандарымызды сақтауға және жақсартуға деген адал талпыныстарыңыз үшін баршаңызға үлкен рахмет!     
  Бүгінгі мереке күні Сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа шыңдарды бағындыруда сәттілік пен күш-қайрат және мықты денсаулық, мол бақыт тілеймін!

Read more ...

Табиғи резерват орманшылықтарында күзгі орман отырғызу жұмыстары басталды

Күз мезгілі қарағай отырғызуға қолайлы, өйткені ылғалдылық жеткілікті.
Табиғи резерваттың 16 орманшылығының орманшылары күзгі орман отырғызуға кірісті. Табиғи резерват ормандары 1 900 000 дана жас қарағай көшеттерімен толығады.
Бұл орман екпелері алып жатқан орман қорының 419 гектарға жуық жерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Read more ...

33 бет. Барлығы: 38

  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы