Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Жоспарлы дала жұмыстары

Табиғи резерваттың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес бөлім мамандары кезекті дала жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, екпелер санатының жағдайын күзгі түгендеу,тұрақты сынақ учаскелерінде және табиғи қарағай өсінділерінің орман жамылғысының астындағы өлшемдері алынды. Стационарлық құдықтардағы жер асты суларының деңгейі өлшенді.

Read more ...

Туризм күнін мерекелеуге

"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ туризм күнін мерекелеуде марапатқа "Ертіс орманы" МОТР РМ мекемесінің туризм және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Г.Р. Нұрымованы ұсынды.

Read more ...

Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу

Табиғи резерваттың бас директорының 19 қыркүйектегі №4-06/277 «Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу» туралы бұйрығын орындау мақсатында, Бесқарағай филиалында арнайы құрылған коммисия жоспарлы күзгі құралдар мен ТМҚ-ға түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Read more ...

Оқыс оқиға орын алды.

Ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні сағат 13.30 шамасында табиғи резерваттың Шалдай филиалының, Бауртал орманшылығында орман өртіне барар жолда Газ 3308 маркалы өрт сөндіру машинасы жол апатына ұшырап, салдарынан орман өрт сөндіру бригадасының жұмыскері Каирханов Е. (1985 ж.) алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.Өрт сөндіру машинасының жүргізушісі Кубайдуллин Ж.(1960 ж.) ауыр халде санавиациямен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.

Read more ...

Орман рестурстары және орман шаруашылығы

Чехия мемлекетінінің агротехникалық университетінің өкілі табиғи резерват аумағында қонақта
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына Торайғыров Университетнінің "Орман рестурстары және орман шаруашылығы" мамандығының студенттерінің тәжірибе өту базасымен және Резерваттың жалпы жұмысымен танысу мақсатында іс-сапармен Университеттің агротехнология кафедрасының б.ғ.к., профессор В.А. Камкин, аға оқытушылар А.К.Бейсекеева, К.К. Атығаев және Чехия агротехникалық университетінің өкілі Ян Коукал келді.

Read more ...

Бесқарағай филианың аңшылықтанушылары

Бесқарағай филианың аңшылықтанушылары биотехниялық іс-шаралар жоспарына сәйкес жасанды су құдықтарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Read more ...

Қауіпсіздік және еңбек қорғау

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде резерват басшылығымен Шалдай және Бесқағарай фиалдарының орманшылары «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» жөнінде оқытудан өтіп, сертификат алды. Оқытуды «Радиациялық Қауіпсіздік Орталығы» ЖШС мамандары өткізді.

Read more ...

Семей орманы

Табиғи резерват аумағына орман тұқымбағында орман екпелерін өсіру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Семей орманы» резерватының мамандары іс-сапармен келді. Сапар барысында табиғи резерват мамандары әріптестерін резерваттың орманды қалпына келтіру жұмыстарында пайланылатын орман екпелерін тұқымбақта дұрыс өсіріп, баптаудың технологияларымен таныстырды.

Read more ...

Табиғи резерват облыстық кітапханашылар форумында

Ағымдағы жылдың 12 тамызында табиғи резерваттың туризм және экологиялық бөлімі Аққулы ауданында өткен облыс кітапханашыларының форумына қатысты.
Туризм бөлімі ауданадық мәдениет үйінің фойесында облыстың түпкір-түпікірнен жиналған делегаттарға өз көрмесін ұсынды. Көрмеде әр түрлі табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, өлкеміздің табиғи, тарихи байлығы, табиғи резерваттың туристтік маршруттары жайлы ақпараттық стендтар мен таратпа қағаздар ұсынды.

Read more ...

Мастер-класс

Ағымдағы жылдың 19 тамызы күні пленэрге қатысушы суретшілер оқушыларға кескіндеме бойынша шеберлік сабағын өткізді. Оның аясында пленэр барысында салынған картиналар, сурет салу құралдарымен және оларды дұрыс пайдалану, қылқалам ұстау техникасымен таныстырды. Бояуларды араластыру, бейнені кенепке дұрыс орналастыруды үйрете отырып, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Read more ...

34 бет. Барлығы: 38

  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы