Жаңалықтар

Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады. Биылғы жылы резерваттың 10140 шақырым аумақта минералды жолақтарға күтім жасау жоспарланған, қазіргі уақытта 1117 шақырым жолаққа күтім жасалды.

Табиғи резрваттың Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Қ.Г. Жунусов және аға ғылыми қызметкер А.Ж. Омарханов, ғылыми қызметкер Т.Ш. Бимжанов Шалдай филиалының күзгі және көктемгі қарағай екпелерінің өсіміне бақылау жүргізу мақсатында Шалдай тұқымбағына барды.

ОРМАНДЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР!
«Ертіс орманы» МОТР РММ ауа райының жоғары температурасы және құрғақ екпінді желге байланысты аумақта өрт қауіпсіздігінің жоғары класы туралы ескертеді. Осыған байланысты орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

Ағымдағы жылы резерват аумағында бас дирекетордың орынбасары, ауылдық округ әкімдерінің, ақсақалдар кеңесінінің мүшелері, ТҚжНҚҚ бөлімі мамандары Шалдай және Бауртал орманшылықтарында орналасқан жасанды өртке қарсы су айдыны аумағында «Шомылуға болмайды» белгісімен тақтайшалар орнатылды.

Парктер шеруі табиғатты қорғау акциясы аясында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркімен бірлесе отырып «Біз жершарының экологтарымыз» атты экологиялық акция өтті. Акцияның мақсаты өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің табиғи байлықтарымен жақынырақ таныстыру, экологиялық тәрбие беру.

Резерваттың аймақты қорғау инспекторлары күнделікі бекітілген орамдарында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты заңсыз ағаш кесу, браконьерлікті алдын алу мақсатында күзет шараларын жүргізеді. Көктемгі тазалық айлығы аясында орамдарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, орам бағаналарын ауыстыруда.

«Парктер шеруі-2022» табиғатты қорғау акциясының жоспарына сәйкес ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Шараның басты мақсаты оқушыларды табиғатты аялауға шақыру, ормандарды қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ елді мекендер айналасын бірлесіп көгалдандыру.