Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

”Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті!

Жарияланды 25 Шілде 2025

Жалпыұлттық “Таза Қазақстан” бастамасы аясында “Таза Өлке – Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға “Ертіс орманы” МОТР РММ-нің қызметкерлері мен Шарбақты ауданының “Жасыл ел” жастар қанаты белсенді қатысты.
⠀
Қатысушылар орман аумағында және ауыл маңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
⠀
Тазалық – тәртіптің негізі.Шашпаған жерде тазалық болады!
⠀
Барша өңір тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.
Таза Қазақстанды бірге құрамыз!
⠀
#ТазаҚазақстан #ТазаӨлке #ЖасылЕл #Ертісорманы #Экология #ТазалықҚайдаСолЖердеБереке

Бұғы қынасы— Ертіс орманы резерватының ерекше табиғи байлығы

Жарияланды 25 Шілде 2025

«Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында тіркелген Cladonia rangiferina немесе бұғы қынасы— биологиялық әртүрліліктің айқын мысалы болып табылады. Бұл қына Солтүстік жартышардың қылқан жапырақты ормандары мен тундра белдеулерінде кең таралған, ал біздің резерват аумағында сирек кездесетін, экологиялық тұрғыдан өте құнды түр ретінде ерекше қорғалады.
⠀
🌿 Кладония оленья — бұғы мен еліктердің қыс мезгіліндегі негізгі азығы. Сонымен қатар, ол топырақтың ылғалдығын ұстап тұруда, эрозияны болдырмауда маңызды рөл атқарады. Бұл түр табиғи орта тазалығының көрсеткіші саналады, себебі ол тек экологиялық жағдайы тұрақты, ластанбаған аумақтарда ғана өседі.
⠀
🔬 Резерваттың ғылыми бөлімінің қызметкерлері бұл қынаны бақылау мен зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Оның таралу аймағын картаға түсіру, популяциялық жай-күйін бақылау және табиғи ортаға әсерін бағалау — биоалуантүрлілікті сақтау жолындағы маңызды бағыттардың бірі.
⠀
🌍 Табиғатты қорғау — тек жануарлар мен өсімдіктер үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де жасалып жатқан ортақ іс.

Аңшылықтанушылар тарапынан кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.

Жарияланды 25 Шілде 2025

Іс-шара барысында жабайы жануарлар тіршілік ететін аумақтар бақылауға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
– жануарларға арналған жасанды суаттар мен егістік алқаптар тексерілді;
– бірнеше нүктеге фототұзақтар орнатылды;
– азықтандыру алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы тұздар салынды.

Мұндай жұмыстар жабайы жануарлардың жайлы мекендеп, табиғи тепе-теңдікті сақтауына мүмкіндік береді. Резерват аумағында тұрақты түрде бақылау мен күтім жасау – биологиялық әртүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

 

Ертіс орманы» МОТР РММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтық қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.

Жарияланды 25 Шілде 2025

Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, еңбек тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы айтылды. Сонымен қатар, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану, заң бұзушылықтарға жол бермеу, ұжымдық жауапкершілік пен адал еңбекке шақыру мәселелері көтерілді.

Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатының қалыптасуына ықпал етеді.

 

«Ертіс орманы» ескертеді!

Жарияланды 25 Шілде 2025

Құрметті табиғат жанашырлары!
⠀
Резерват аумағындағы ормандарында төтенше өрт қаупі скқталуда. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұраймыз:

🚫 Орманда от жақпаңыз
🚭 Шылым қалдықтарын тастамаңыз
🚗 Құрғақ шөп үстіне көлік қоймаңыз
🧯 Күдікті жағдай байқасаңыз – бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз
⠀
🔥 Бір сәттік немқұрайдылық — мыңдаған гектар орман мен тіршілікті жоюы мүмкін!
⠀
Табиғатты бірге қорғайық!

Орман өрттерінің алдын алу іс-шаралары: минералданған жолақтарға күтім жасау

Жарияланды 25 Шілде 2025

Ормандардағы өрт қаупін төмендету мақсатында «Ертіс орманы» резерватында минералданған жолақтарға күтім жасау жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Минералданған жолақтар — бұл өрттің таралуына тосқауыл болатын арнайы өңделген аумақтар. Олар арқылы өрттің таралуына жол бермей, табиғи орта мен жануарлар дүниесін қорғауға болады.
⠀
✅ Шөп пен өсімдіктер жамылғысын тазалау
✅ Техникамен қайта өңдеу
✅ Қосымша өртке қарсы кедергілер жасау
⠀
Бұл жұмыстар орманды алқаптардың қауіпсіздігін арттырып, өртпен күрестегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Жабайы жануарлардың азықтандыру алаңдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды 25 Шілде 2025

«Ертіс орманы» резерватында қыс мезгілінде жануарларды қолдау мақсатында арнайы азықтандыру алаңдары қолданылады. Қазіргі таңда осы алаңдарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Бұл жұмыстар жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасау, қысқы уақытта олардың азық тапшылығынан зардап шекпеуін қамтамасыз ету үшін маңызды.
⠀
Табиғатты сақтау – жүйелі және жауапты жұмысты талап етеді.

От — тілсіз жау, абай болыңыз!

Жарияланды 25 Шілде 2025

Ормандағы өрт бір ғана ұшқыннан тұтанып, үлкен апатқа әкелуі мүмкін. От ешкімді аямайды, бейқамдықты кешірмейді!

Өрт қаупі жоғары маусымда келесі ережелерді сақтау аса маңызды:
– Орманда және ашық алаңдарда от жақпаңыз;
– Сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;
– Қызу күйдегі көлікпен орманға кірмеңіз;
– Балаларға орманда отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Резерват қызметкерлері орман өрттерінің алдын алу үшін бар күшін салып жұмыс істеуде. Дегенмен, табиғатты қорғау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Орманды қорғайық — ол өзін өзі қорғай алмайды!

Құрметті өңір тұрғындары!

Жарияланды 25 Шілде 2025

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директорының міндетін атқарушы Сырым Мұратұлы Елемесов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Қабылдаулар әр апта сайын сейсенбі және жұма күндері, алдын ала жазылу негізінде жүргізіледі.

Қабылдауға жазылу үшін байланыс нөмірлері:
☎ 8 (71836) 3-22-52 – мекеменің қабылдау бөлімі
📱 8 (777) 545-09-45 – ұялы телефон

Резерват қызметінің ашықтығы мен тұрғындарға қолжетімді болуы – біздің басты басымдылықтарымыздың бірі.

Резерват аумағындағы жасанды суаттарды тазалау жұмыстары жалғасуда

Жарияланды 25 Шілде 2025

Жаз мезгіліндегі жоғары температура жабайы жануарлар үшін қиын кезеңдердің бірі болып саналады. Осыған байланысты «Ертіс орманы» резерватының қызметкерлері жануарларға арналған жасанды суаттарды тазалау және техникалық күтім жасау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Аталған суаттар – орман аумағындағы жабайы жануарлар үшін маңызды тіршілік көзі. Суаттардың санитарлық жағдайын бақылау, лайдан және қоқыстан тазарту, су деңгейін қадағалау — жануарлардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жануарлардың ізі мен су маңындағы белсенді қозғалыстар бұл суаттардың тиімді және қажет екенін көрсетеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Табиғатқа жанашырлық — тіршілікке құрмет!

36 бет. Барлығы: 77

  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2026 Ертіс орманы